V Президенттік олимпиаданың аймақтық кезеңінің қорытындысы туралы |
2012 жылдың 30.10-01.11. аралығында «Дарын» қосымша білім беру орталығының базасында V Президенттік олимпиаданың аймақтық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға барлығы - 142 оқушы қатысты.
Олимпиадаға Бөкей Ордасы, Сырым аудандарының өкілдерінен басқа аудан, қала , облыстық мектептердің 11 сынып оқушылары қатысты.
V Президенттік олимпиаданың аймақтық кезеңінің қорытындысы бойынша 33 оқушы олимпиаданың On-line турына жіберілді. Жеңімпаздар сыйлық және дипломдармен марапатталды.
15 қараша күні дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат- кешенінің базасында олимпиаданың On-line туры өтті. Оған 31 оқушы қатысты.
Қорытынды кестені жүктеу
|