Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының тапсырмаларын орындау барысы туралы

Мемлекет басшысының «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында, тегін оқытумен жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамту үшін облыс бойынша шаралар атқарылуда.

Кәсіптік білімге қолжетілімдікті қамтамасыз ету мақсатында жаңа 2017-2018 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен еңбек нарығында қажетті мамандықтары бойынша 3498 адам, республикалық бюджет есебінен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама бойынша 800 адам және «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» әлеуметтік жобасы аясында 25 адам қабылданды.

«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыру, халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысымен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама» қабылданды. Бағдарламаның бірінші бағыты қатысушыларды еңбек нарығының сұранысына қарай техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз етуді қарастырады.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету үшін 13 мамандық, бойынша 22 колледждің тізімі Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия отырысында бекітілді.

Сонымен қатар, облыстың 25 колледжі мен 11 оқу орталығында еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша жұмысшы кадрларын қысқа мерзімді кәсіптік оқыту ұйымдастырылды. Күні бүгінгі дейін 2210 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтылды.

9-11 сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспегендер, жұмыссыздар, өзін-өзі қамтушылар, аз қамтылғандар, жетімдер, интернаттық ұйымдардың, көп балалы отбасы тәрбиеленушілері т.б. Бағдарлама бойынша ТжКБ мамандықтары бойынша білім алуда. 29 жасқа дейін жастар, жұмыссыздар, өзін-өзі қамтушылар кәсіптер мен дағдылар бойынша 1-6 ай аралығында қысқа мерзімді кәсіби оқуға болады.

Техникалық және кәсіптік, қысқа мерзімді курстық білім беру бойынша оқитын Бағдарламаға қатысушылар оқуына ақы ақы төлеу мемлекеттік қолдауымен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі. Басқа қаладан келген қысқа мерзімді курстар оқитын қатысушылар үшін тұрғын үй жалдау бойынша шығыстарды өтеу, ТжКБ мамандықтары бойынша оқитын қатысушыларды бір реттік ыстық тамақпен  қамтамасыз ету көзделеді.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі