Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекеттік Басшысы 2017 жылдан «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасын жариялады.

36 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (26 мемлекеттік және 10 мемлекеттік емес колледждерде) 18 мыңнан астам адам мамандықтар мен жұмысшы кәсіптерін алуда. Жұмысшы кадрлар мен мамандарды даярлау 74 мамандық және 139 біліктілік бойынша жүргізіледі, соның ішінде 38 техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылық бағыттағы мамандықтар. Мемлекеттік колледждердегі 12615 білім алушы және мемлекеттік емес колледждердедің 5983 білім алушысы орта буын мамандықтарына оқытылуда.

2018-2019 оқу жылы 27 колледжге «эксперименталды алаң» мәртебесі беріліп, 24 мамандық бойынша 88 кәсіпорынымен бірлесіп дуальдық оқытуды қолданылады. Білім беру ұйымдары және олардың әлеуметтік әріптестері арасында 1500 астам келісімшарт жасалды.

 

2019 – 2020 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен қаржыландыратын техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға Батыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсын жариялау туралы

"Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" ММ облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында 2019 – 2020 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсын жариялайды.

Елдің индустриалдық – инновациялық дамуының, кадрларға салалық және өңірлік қажеттілігінің басымдықтарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрларды даярлау жөніндегі Өңірлік және салалық кеңестер облыс экономикасына қажетті 110 мамандық пен 311 біліктілік бойынша 5 мыңнан астам маманға сұранысты анықтады (Өңірлік кеңестің 12.12.2018 жылғы №4 хаттамасы қосымша).

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, сондай – ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі- Қағидалары) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы  № 397 бұйрығымен бекітілген «Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына» (бұдан әрі-Стандарт) сәйкес 2019 – 2020 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен осы сұранысқа ие мамандықтар бойынша 3500 адамға техникалық және кәсіптік білім беру тапсырысын оқу орындарына орналастырады.

Қатысуға өтініш берген меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына жіберіледі.

 

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысатын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар

Қағидаларға және Стандартқа сәйкес конкурсқа қатысушы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары тиісті құжаттар топтамасын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына ұсынады.

 


 

1

2

 


 

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2019-2020 оқу жылына техникалықжәне кәсіптік, орта білімнен кейінгібілімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы қаулы

Жүктеу


Батыс Қазақстан облысы бойынша 2019-2020 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы қаулы

 

Жүктеу


Колледждердің байланыс ақпараты

Жүктеу

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі