«Балалар мен жасөспірімдердің аутодеструктивтік мінез-құлығының алдын - алуда әлеуметтік - психологиялық қызмет пен мемлекеттік органдар арасындағы байланыстың перспективасы мен өзекті мәселелері» тақырыбында өткен семинар-кеңес

«Балалар мен жасөспірімдердің аутодеструктивтік мінез-құлығының алдын - алуда әлеуметтік - психологиялық қызмет пен мемлекеттік органдар арасындағы байланыстың перспективасы мен өзекті мәселелері» тақырыбында өткен семинар-кеңес туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде Орал қаласында білім басқармасының және мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Балалар мен жастардың аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын-алуда әлеуметтік- психологиялық қызмет пен мемлекеттік органдар арасындағы байланыстың перспективасы мен өзекті мәселелері» атты облыстық семинар-кеңес өткізілді.

Мақсаты: білім беру жүйесіндегі әлеуметтік-психологиялық қызметті жетілдіру, оқу үрдісін бірыңғай әлеуметтік-психологиялық әдістермен қамтамасыз ету, оқу үрдісіне қатысушылардың (ұстаздар, ата-аналар, оқушылар) психологиялық мәдениетін, білімін арттыру.

Семинар екі бөлімде ұйымдастырылды: секциялық және пленарлық.

Секциялық бөлім:

1)«Жасөспірімдердің асоциалдық мінез-құлығының алдын-алуда тәрбие жүйесінде қолданылатын әдістер мен технологияларды жандандыру» атты отырыс аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, білім мекемелері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен Орал ақпараттық технологиялық колледжінің базасында өткізілді (45 маман қатысты).

2)«Білім беру жүйесіндегі психологиялық аспектілер» тақырыбында отырыс аудандық, қалалық мектеп және колледж педагог-психологтарының  қатысуымен №2 кәсіптік лицей базасында өтті (48 педагог-психолог  қатысты).

3)«Әлеуметтік педагогтың қызметіндегі өзекті мәселелер» атты әлеуметтік педагогтардың отырысы қаланың №6 ЖОББМ-де  өтті (35 әлеуметтік педагогтары қатысты).

Пленарлық бөлім

Орал қаласының №1 ЖОББМ базасында өтті. Семинардың пленарлық бөліміне 100 - ден асқан мамандар қатысты.

Семинар-кеңестің пленарлық бөліміне қалалық кәмелетке толмағандардың ісі жөніңдегі комиссияның  хатшысы А.Масалимова, БҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Ж.Кусаинова, М.Өтемисов ат. БҚМУ доценті, п.ғ.к. А.Иргалиев, М.Өтемисов ат. БҚМУ оқытушысы, психология  магистрі  Э.Мендыгереева және БҚО жастар бірлестігінің психолог-кеңесші С.Бекмаева қатысты.

 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан