«Жалпы білім беру кеңістігіне дамуында ерекше сұранысқа ие балаларды оқытуда инклюзивті білімді енгізу. Қиындықтар және оны шешу жолдары» атты семинар

2012 жылдың З0 наурызында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу – әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес облыстық психологиялық – дәрігерлік – педагогикалық кеңес беру мекемесінде «Жалпы білім беру кеңістігіне дамуында ерекше сұранысқа ие балаларды оқытуда инклюзивті білімді енгізу. Қиындықтар және оны шешу жолдары» атты семинар оздырылды. Семинарға аудандық және қалалық білім беру бөліміндегі мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысқа жетекшілік ететін мамандар және әдіскерлер, облыстық, қалалық, аймақтық психологиялық – дәрігерлік – педагогикалық кеңес беру мекемелерінің меңгерушілері, аудандық психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеттері меңгерушілері және облыстық арнаулы мектеп –интернаттарының түзету жұмыстары жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Семинарды өткізудегі негізгі мақсат-облыстағы инклюзивті білім беру саласындағы қиындықтар және оларды шешу жолдарын қарастыру. Семинарды облыстық білім басқармасының арнаулы білімді дамыту және балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы Н.Лебедева  облыстағы инклюзивті білім беруді дамыту туралы баяндамасымен ашты. Бүгінгі күні облысымызда 7859 мүмкіндігі шектеулі бала болса, оның ішінде 2344 – і мүгедек балалар. Олардың ішінде денсаулығына байланысты 297 бала үйден оқиды. Бұның ішінде 105 бала бағдарламалық техникалық құралдармен қамтамасыз етілді. Қазір облысымызда 45 түзету сыныптары, 49 логопункт, және мектепке дейінгі ұйымдарда 12 арнайы топ және 25 инклюзивті кабинет ашылып, жұмыс жасап жатыр.

Семинар барысында жалпы инклюзивті білім беру туралы түсінік және мектептердегі жалпы білім беретін орта мектептердегі түзету жұмыстары, инклюзивті білім саласындағы қауіпсіз аймақты құру шаралары және үйден оқитын оқушылардың бағдарламалық – техникалық құралдармен қамтамасыз етілу жағдайлары қаралды.

 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан