Жиынтық бағалауды өткізу туралы
06.05.2020 18:59

Білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығымен бірлесе  мамырдың 4-і күні төртінші тоқсандық БЖБ және ТЖБ өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдармен таныстыру мақсатында онлайн-семинар өткізді. Онлайн шараға білім басқармасының бөлім басшылары, Білім беруді дамыту орталығының бөлім басшылары және аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет меңгерушілері қатысты.

Семинар барысында мектепке дейінгі және орта жалпы  білімді дамыту бөлімінің басшысы спикер С.Темірғалиева жиынтық жұмыстарын жүргізу туралы нормативтік құжаттардағы өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып, қашықтықтан оқыту жағдайында бөлім үшін жиынтық бағалауды және тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуге дайындық жұмыстары, 1-10 сынып оқушыларына арналған БЖБ және ТЖБ тапсырмалары, өткізу кестесі мен уақыты, 11 сыныпта пәндер бойынша қойылатын қорытынды бағалар туралы толық ақпарат беріп өтті.

Білім беруді дамыту орталығының директоры Г.Кубашева БЖБ және ТЖБ өткізу барысында оқыту процесіне қатысушылардың міндеттері, кері байланыс жүргізуде пайдаланылатын білім беру платформалары мен байланыс құралдары,  БЖБ мен ТЖБ оқу тапсырмалары туралы айтып, қатысушылар тарапынан түскен сұрақтарға жауап берді.

Семинардың толық ақпараты zkobbdo.kz сайтында орналастырылған.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі