Хабарландыру |
20.04.2020 09:13 |
2020 жылғы 20 сәуірде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, 090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 мекен-жайында орналасқан «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ атынан төмендегі жобалар бойынша жеке әріптестерді айқындау бойынша конкурс жариялайды: 1. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында орналасқан «Орта білім беретін мектептердің асханаларынсенімгерлік басқару құрал-жабдықтарын ауыстыру және ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткізу» лот №1(ЖОББм №2,9,25,27,40,47,48);
Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» Заңының 32-бабында көрсетілген біліктілік талаптарына және жеке әріптесті таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға сай келетін барлық әлеуетті жеке әріптестер жіберіледі. Конкурсқа қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушыға ұсынылатын қажетті құжаттар тізімдемесі және әлеуетті жеке әріптестерге қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген. Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетін конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған кезден бастап, сағат 9.00-дан 12.30-ге және 14.30-ден 17.00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есқалиев көшесі 72, №213 кабинет, «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ мекен-жайында алуға болады. Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакеті тегін беріледі. Жеке әріптестер конкурсқа қатысуға арналған конвертке жапсырылған конкурстық өтінімді Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 үй, №213 кабинет «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ мекен-жайына қолма-қол тапсырады. Біліктілік талаптарына сай жеке әріптестің әлеуеті сай екендігін растайтын құжаттарды ұсынудың ақырғы мерзімі 2020 жылдың 20 мамыр, жергілікті уақыт бойынша 11.00-ге дейін. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерді ұсынудың ақырғы мерзімі 2020 жылдың 20мамыр, жергілікті уақыт бойынша 11.00-ге дейін. Конкурстық өтінім салынған конверттерді ашу Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 үй, 218-кабинет мекен-жайы бойынша 2020 жылғы 20 мамыр жергілікті уақыт бойынша 15.00-де жүзеге асырылады. Анықтамалық ақпаратты «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ 8 (7112) 260478,246054 телефоны бойынша алуға болады. |