Хабарлама |
23.01.2020 17:51 |
Құрметті 11-сынып оқушылары! Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай, БҚО әкімдігінің қолдауымен облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып 28 ақпан күні «Білімді ұрпақ – ел болашағы» атты зияткерлік сайысы ұйымдастырылатындығын хабарлайды.
Жеңімпаздар Жәңгір хан университетінің білім грантына ие болады. Сайыстың шарттары мен бағдарламалары туралы ақпараттарды мектеп басшылығынан біле аласыздар. Қосымша ақпараттар облыстық білім басқармасының (edu-bko.gov.kz) және Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың сайтында, әлеуметтік желідегі парақшаларында (wkau.kz, https://www.facebook.com/wkau.kz/,https://vk.com/wkau_kz) жарияланатын болады. Облыстық «Білімді ұрпақ – ел болашағы» зияткерлік сайысты өткізу алгоритмі: - зияткерлік сайысқа қатысу туралы үлгіге сәйкес электронды нұсқада өтініш беру – 20 қаңтар – 15 ақпан аралығы; - топ болып орындаған жобаларын (эссе) әр бағыт бойынша бағдарламада көрсетілген электрондық пошталарға жіберу – 20 қаңтар - 15 ақпан аралығы; - сараптамалық комиссиясының оң қорытындысын алған топтарға зияткерлік сайысқа шақырту хаттарын жіберу – 17 – 22 ақпан аралығы; - университет базасында зияткерлік сайыстың негізгі кезеңдерін өткізу –28 ақпан. |