БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША АҚПАРАТ
11.11.2019 09:29

2019 жылғы 9 қарашасында Батыс Қазақстан облысының Орал қаласындағы №10 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «11 сыныпқа арналған жаңартылған мазмұндағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді педагогикалық қоғамдастықпен таныстыру және талқылау» атты республикалық семинар өтті.

Семинар барысында 15 баспа және 60-тан астам автор 11-сыныпқа арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таныстырды. Талқылауға облыс мектептерінен 500-ге жуық мұғалімдер, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылары және «Өрлеу «БАҰО» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру институтының өкілдері, әдіскерлер қатысты. Семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар авторлар мен баспаларға оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің мазмұны бойынша ұсыныстар берді.

Орал қаласындағы №37 жалпы орта білім беретін және Теректі ауданының Постепное қазақ орта мектептері базасында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті И.Ө. Сағындықов «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, бітірушілердің қорытынды аттестаттаудан өтуі, БЖБ мен ТЖБ өткізу бойынша түсіндіру бағытында 400-ден астам педагогтің қатысуымен кездесу өткізді.

Кездесуге «Өрлеу «БАҰО» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру институты, Педагогикалық шеберлік орталығының Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы филиалы мамандары, мектеп директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.Түсіндіру жұмыстарына  сонымен қатар Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» директоры мен мұғалімдері де қатысты.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі