Батыс Қазақстан облысы бойынша көп балалы отбасыларынан немесе атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларынан шыққан балаларға республикалық бюджет қаражаты есебінен жоғары білімді мамандарды даярлауға жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсы туралы |
25.07.2019 16:39 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкіміне сәйкес жоғары оқу орындары арасында облыс бойынша көп балалы отбасыларынан немесе атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларынан шыққан балаларға республикалық бюджет қаражаты есебінен жоғары білімді мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс жарияланады. Конкурсқа қатысу үшін жоғары оқу орындары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» № 122 бұйрығы талаптарына сәйкес құжаттарды тапсырады. Конкурсқа өтініш 2019 жылдың 25-30 шілде аралығында, 09000 индексі, Орал қаласы Есқалиев көшесі, 72 үйде орналасқан мекенжайда, облыстық білім басқармасында қабылданады.
|