Үздік бизнес-идеялар байқауы |
14.01.2019 12:10 |
«Qalam» білім беру орталығы Батыс Қазақстан облысының білім беру басқармасының қолдауымен Орал қаласының мектеп оқушылары арасында үздік бизнес-идеялар байқауын жариялайды. Байқау мақсаты – оқушылар арасында кәсіпкерлікті дамыту, оқушылардың кәсіпкерлік және презентациялық қабілеттері және бизнес-идеяларды жасақтай алу қасиеттерін арттыру. Байқауға қатысу критериялары: Байқауға Орал қаласының 14-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары жеке немесе топтық (топта үш адамнан көп емес) негізде қатынаса алады. Байқау екі кезеңнен тұрады: * 1 кезең (15 қаңтар мен 25 ақпан аралығы 2019 ж.) ұсынылған бизнес-жоспарлар негізінде қатысушылардың ұсыныстарын қабылдау. 2-кезеңге қатысуға ең жоғарғы балл жинаған 10 топ/жеке қатысушы жолдама алады. * 2 кезең (15 наурыз 2019 ж.) алғашқы кезеңнен сүрінбей өткен финалистер қазылар алқасына өз жобаларын питч (презентация) түсіндер ұсынады.
1-ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІНДЕГІ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ: * Құжаттардың толық болуы * Идеяның қайталанбастығы * Бизнес-модельдің жүзеге асырылымы мен тұрақтылығы * Бизнес-жоспардың нақты мазмұндалуы Әрбір топ – байқауға қатысушы – байқау комиссиясына тек бір жоба ұсына алады. Сыйлықтар: Байқау жеңімпаздары демеушілерден түрлі бағалы сыйлықтарды иелене алады. ЖОБАНЫ ҰСЫНУ ШАРТТАРЫ: Байқауға қатысу үшін Тіркемелік форманы (төменде) толтырып және Бизнес-жоспарыңызды аяқтап 25 ақпан 2019 ж. дейін жіберуіңіз қажет.
ҚҰЖАТАРДЫ ТОЛТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ: 1. Тікемелік форма мен бизнес-жоспар онлайн 25 ақпан сағат 23-59-дейін толтырылуы қажет. 2. 1 іріктеу турынан өткен қатысушылар 4 және 14 наурыз күндері аралығында онлайн және оффлайн тіртібінде ақтық сынға даярландырылатын болады. 3. Финалистер өз жобаларын үш минуттық негіздегі питч ретінде құрастыруы қажет. Көрнекілік үшін Power Point/PDF/Prezi сынды форматтар қолданылуы шарт.
|