«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы

9.11.2018-ғы № 6865 шығыс хаты

20.11.2018-ғы № 7396 кіріс хаты

2018 жылғы «29» қыркүйектегі №522

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің бұйрығына қосымша

 

 

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру

бағдарламасы

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-5) тармақшасына сәйкес әзірленген және білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсатын, мазмұнын, сондай-ақ жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдерін айқындайды.

2. Осы Бағдарламада мынадай термин қолданылады:

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы – білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсатын, мазмұнын, сондай-ақ жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдерін айқындайтын бағдарлама.

 

2-тарау. Тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсаты

 

3. Білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсаты:

1) білім беру салалары мазмұнының құндылық әлеуетін жандандыру;

2) қосымша білім беру мен оқудан тыс іс-әрекет мазмұнының адамгершілік-рухани аспектісін күшейту;

3) тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының қоғамдық ұйымдарымен, шығармашылық одақтармен өзара іс-қимылын жандандыру болып табылады.

4. Бағдарлама мектепке дейінгі ұйымдарда, орта білім беру (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары білім беру ұйымдарында қолданылады.

 

3-тарау. Тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мазмұны

 

5. Адамның үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуы балаларды тәрбиелеу және оқыту жүйесінің төмендегідей компоненттерінің мазмұны арқылы қамтамасыз етіледі:

1) оқыту-тәрбиелеу процесі;

2) қосымша білім беру;

3) отбасымен, білім алушылардың заңды өкілдерімен ынтымақтастық;

4) білім беру ұйымдарының қоғамдық ұйымдарымен, шығармашылық одақтармен өзара іс-қимылы.

6. Білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мазмұны (бұдан әрі – Мазмұн) мыналарға негізделеді:

- гуманистік бағыттылық қағидатына – гуманистік идеялардың және жалпыадамзаттық құндылықтардың құндылық негізінде білім беру ұйымдарының қызметін жүзеге асыру;

- ұлттық мұра қағидатына – жалпыадамзаттық құндылықтарды ұлттық мәдениет призмасы арқылы тану;

- әлеуметтік өзара іс-қимыл қағидатына - білім алушыларға адамгершілік-рухани білім беру мақсатында қоғамдық институттарды топтастыру;

- табиғатпен сәйкестілік қағидатына - тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерін, физикалық және психологиялық денсаулық жай-күйін есепке алу.

7. Мазмұн өзінің мақсатын, отбасындағы, ұжымдағы, қоғамдағы өзінің әлеуметтік рөлін түсіну үшін білім алушының өзін, басқа адамдарды, қоршаған әлем мен адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік беретін адам туралы интеграцияланған білім негізінде құрылады.

8. Мазмұн білім алушылардың мынадай түйінді құзыреттерін:

1) өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту дағдыларын;

2) жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде адамгершілік таңдауға дайындығын және әртүрлі өмірлік жағдайларда оның негізінде әрекет ету қабілеттілігін;

3) жасампаздық белсенділікті, азаматтықты және отансүйгіштікті таныту дайындығын, қоғамға қызмет ету дағдысын;

4) адамдармен тілектестік қарым-қатынас құруын, топпен жұмыс жасай білуін;

5) салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

 

4-тарау. Тәрбиелеу және оқыту жүйесінің жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдері

 

9. Білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдері оқытудың практикалық-бағдарланған шарттарын:

1) оқу пәндерінің және сабақтан тыс іс-шараларының мазмұнында жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялауды;

2) білім алушыларда өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту дағдыларын жүйелі дамытуды;

3) оқудан тыс қызметті ұйымдастырудың қажетті шарты ретінде әлеуметтік бағытталған жобалық қызметті пайдалануды;

4) оқу-тәрбие үдерісінде, ата-аналардың қоғамдастығын адамгершілік-рухани ағартуда ата-аналардың қатысуын жандандыруды;

5) тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту мақсатында қоғамдық ұйымдарымен, шығармашылық одақтармен, әлеуметтік институттармен серіктестікті айқындайды.

10. Бағдарлама:

1) білім беру салаларында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім берудің құндылық әлеуетін интеграциялау бойынша білім беру ұйымдарының ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен 100% қамтамасыз етілуіне;

2) қоғамдық пайдалы қызметпен, қосымша білім берумен білім алушылардың 100% қамтылуына;

3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, орта білім беру (жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білім), жоғарғы білім беру ұйымдары педагогтарының «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бойынша біліктілікті арттырумен 100% қамтылуына негізделеді.

 

Бұйрықты жүктеу

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі