«Өзін –өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиада |
2018 жылғы 30 қазан -1 қараша аралығында Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми - практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиада өткізілді.
Біздің облысымыздан республикалық олимпиадаға облыстық олимпиада жүлдегерлері Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған жалпы орта білім беретін мектебінің 3 оқушысынан (Ермекова Данэлия, Баяндиева Дарья, Смирнова Ольга) құралған команда қатысты. Команда «28 петель» атты әлеуметтік жобаны қорғап, республикалық олимпиада жүлдегер атанып, III дәрежелі дипломға ие болды. |