«Жаңа дәуірдің мектебі»
29.10.2018 16:36

Астанада «Жаңа дәуірдің мектебі» Х халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Ол «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның он жылдығына арналды.

Осы жолы дәстүрлі жиын әлемнің түкпір-түкпірінен келген 20-дан астам мемлекеттің 2 мыңға жуық өкілінің басын қосып, рекордтты жиындар қатарына кірді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен облыстық әкімдіктер арасында жасасқан меморандумдар аясында конференцияға Қазақстанның өңірлерінен білім беру саласының 700 маманы қатысты. Ең үлкен делегациялар қатарын Қарағанды облысы мен Астана қаласының өкілдері толықтырды.

Ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен Назарбаев Университетенің президенті Шигео Катсу және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы Күләш Шәмшидинова қатысты.

– «Біздің жыл сайын өткізетін халықаралық конференциямыз мемлекетіміздің және алыс-жақын шет елдерден келген білім беру жүйесінің өкілдері үшін тәжірибе алмасу алаңына айналды. Бұл конференция-мерейтойлық және Зияткерлік мектептердің он жылдығына арналады», - деді жиында сөз алған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.

Дәстүрге сай, әлем мойындаған сарапшылар мен ғалымдар мінберден сөз алды. Басты баяндамашылардың қатарында Кембридж Университетінің білім беру факультетінің деканы Сьюзан Робертсон, Лондон университеті білім беру колледжінің құрметті профессоры, «қарымды білім» теориясының авторы Майкл Янг, Гонконг университетінің білім беру саясаты департаментінің директоры Кай-Минг Ченг, EduCluster Finland сыртқы байланыстар және инновация жөніндегі директор Дэвид Марш, Массачусетс технологиялық институтының профессоры Томас Хсу, сондай-ақ білім беру саласындағы әлемге әйгілі ғалымдар мен топ-менеджерлер қатысты.

Көкшетау, Семей, Қарағанды, Тараз, БҚО-тарындағы орта мектеп мұғалімдерінің оқыған баяндамалары көптің қызығушылығын туғызды.

Орта білім беру саласындағы зерттеулерге сұраныс бар екені баяндамалардың атауларынан ақ белгілі: «Білім беруді басқарудағы көшбасшылық» Гүлжанат Абдрахманова Астана қаласынан, «Білім берудің жаңартылған мазмұны педагогты көшбасшыға айналдыру» Ақсайдан келген мұғалімдер Гүлнара Есмағұлова, Ирина Ольховик және Надежда Шиганакованың баяндамасы.

Конференцияның көркін ашқан шаралардың бірі – Халықаралық Гуманистік педагогика орталығының президенті, жазушы Паата Амонашвилидің, елімізге танымал журналист Гүлнар Бажкенованың, екітілді және үштілді бағдарламалар саласындағы халықаралық ғылыми кеңесші Питер Мехистоның, методологиялық оқыту мен білім алмасу саласының маманы Дэвид Марштың қатысуымен өткен автограф-сессия болды.

Конференция 12 бағыт бойынша 50 ден астам іс-шараларды қамтыды. Биылғы жылдың ерекшеліктерінің бірі – «Оқушы дауысы» жобасы алғаш рет тәрбиеленушілердің қатысуымен өтіп қазақстандағы халықаралық бакалавриат мектебінің жұмысы таныстырылды. Сондай-ақ алғаш рет инклюзивті білім беру бойынша секция ұйымдастырылды.

Басты тақырыптырдың ішінде - жаңа уақыт пен білім беру жүйесіндегі орнықты өзгерістер, оқытушылар мен студенттер үшін қауіпсіз ортаны құру, сондай-ақ білім берудегі сандық технологиялар.

Конференция барысында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Францияның Қазақстандағы елшілігі мен Bilimkana жекеменшік мектептер желісі (Қырғызстан), және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Бүгінгі күні астаналық конференция – дүниежізілік және отандық білім беру саласының келелі мәселелеріне арналған ғылым әлеміндегі беделді жиындардың біріне айналды.

 

0

 

0

 

0

 

0

 

0

 

0

 

0

 

0

 

0

 

0

 

0

 

0

 

0

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі