Friday, 19 October 2018 08:41

Мектеп жұмысына барлығы 100-ге жуық орынбасарлар қатысуда. Мектеп басшыларының орынбасарларының кәсіби шеберлігін арттыру, менеджменттегі жаңа теxнологиялармен таныстыру, білім саласындағы өзгерістерді енгізудің тиімді жолдарын табу, "Руxани жаңғыру" жалпыұлттық идеясының құндылықтарын тәрбие үрдісінде жүзеге асыру, "Назарбаев зияткерлік мектептері" тәжірибелерін жалпы білім беретін мектептерге енгізу мақсатында мектеп басшыларына арналған "Өсу векторы" деген атаумен күзгі лагерь өз жұмысын жалғастыруда.

Үш күндік семинар барысында облыстың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин, НЗМ ДББҰ Орал қаласындағы ФМБ филиалының кәсіби бағдар бойынша Н.Ешмухамбетов, облыстық техникалық шығармашылық орталығының директоры Ж.Шонбаев, Еңбек ардагері М.Қадыров, «Жайық Пресс» медиахолдингінің ақпарат бөлімінің жетекшісі Н.Рахманов, ақын, тележүргізуші Мұнайдар Балмолдамен сынды мамандардың дәрістері тыңдалып, жергілікті ақын-жазушыларымен кездесу кештері, оқу курстары, шеберлік-сыныптары, дебат, дайджест, психологиялық тренингтер және т.б. шаралар ұйымдастырылады.

 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан