BatysBilimTalks
25.09.2018 16:30

Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «БатысБілімTalks» лекторийі жобасының ІІІ сессиясы өтті. Аталмыш шараға облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов, БҚО білім басқармасының басшысы Ш.Қадырова, қоғам қайраткері, саясаттанушы Саясат Нұрбек және білім саласы өкілдері қатысты.

 

Геосаясат және халықаралық қауіпсіздік саласының магистрі Саясат Нұрбек «Білім беру: болашақтың дағдысы» тақырыбында дәріс оқыды. Шараның негізгі мақсаты облыстағы білім саласы өкілдерін бір жинап, қазіргі таңда білім саласында болып жатқан ғаламдық деңгейдегі жаңа өзгерістер мен үрдістерді түсіндіру. Қазіргі таңда үлкен технологиялық өзгерістердің арқасында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруда ең үлкен мәселелер еңбек нарықтары мен білім саласында шығуда. Сондықтан көп дамыған елдер білім саласын түбегейлі өзгерту үшін жаңа білім моделдерін ізденуде. Сол моделдерді игеру барысы аз уақыттың ішінде білім саласының өкілдеріне түсіндіріліп, сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылды. Алдағы уақытта облыс деңгейінде арнайы жұмыс тобы құрылып, осы өзгерістерді тереңінен зерттеп, енгізуге шешім қабылданды.

Сонымен қатар, шара барысында облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов Назарбаев зияткерлік мектептерінің басқарма басшысының атынан Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебін халықаралық акредитацияға дайындауда қосқан зор үлесі үшін БҚО білім басқармасының басшысы Ш.Қадыроваға алғыс хат табыстады.

1

2

3

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі