«Білім беру ұйымдарында тәрбие саласы бойынша әдістемелік жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру» тақырыбында өткен семинар-кеңес

Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Орал қаласында білім басқармасының және мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Білім беру ұйымдарында тәрбие саласы бойынша әдістемелік жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру» атты облыстық семинар-кеңес өткізілді.

Мақсаты: Жастар мен жас жасөспірімдердің теріс діни ағымдарға тартылуының алдын алу жұмысттарына бағыт-бағдар беру. Білім беру тәрбие саласы бойынша әдістемелік жұмысты жоспарлау, ұйымдастыру және құжаттарының жүргізілуін талдау.

Қатысушылар: аудандық, қалалық әдістемелік кабинетінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскерлері және колледждердің, облыстық мектептер мен облыстық арнаулы мектеп-интернаттарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары.

Семинар үш бөлімде ұйымдастырылды.

І бөлім. Кіріспе.
Қатысушыларға тренингтер өткізілді.

ІІ бөлім. «Жастар мен жас жасөспірімдердің теріс діни ағымдарға тартылуының алдын алудың мәселелері» тақырыбы талқыланды.

ІІІ бөлім. «Білім беру ұйымдарында тәрбие саласы бойынша әдістемелік жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру» тақырыбында болып, 2 секцияда өткізілді.

1-секцияда Ақжайық ауданы Бітік ЖОББ мектеп бала бақшасының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және Бөрлі ауданы аудандық оқу-әдістемелік кабинетінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскерлері өз іс-тәжірибелерімен алмасты. Қатысушылар саны: 30 адам.

2-секцияда Орал қаласы А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бірлестіктің жұмыс жоспарымен таныстырып, іс-тәжірибесін көрсетті. АТИҚБД жТЖ бөлім әдіскері әлеуметтік педагог қызметі мен құжаттарының жүргізілуі туралы айтты (20 тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар қатысты).

Семинар кеңес соңында қатысушылар өз ойларын айтып, пікір алмасты. Секциялық бөлімдер «Тілек шамы» тренингімен аяқталды.

1

2

3

4

5

6

 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан