Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру жөнінде on-line режиміндегі кеңес өткізілді

Ағымдағы  жылдың  24 желтоқсанында  облыстық білім басқармасының  мәжіліс залында облыстық білім басқармасының бастығы А.Ә.Мыңбаеваның төрағалығымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ-ның  БҚО бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, БҚО балалар құқығын қорғау департаментінің басшылары, аудандық және қалалық білім беру ұйымдарының меңгербасшыларының қатысуымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан- 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру жөнінде on-line режиміндегі кеңес өткізілді.

Кеңесте білім басқармасы бастығының орынбасары Р.О. Хамза «Жаңа кезеңнің жарқын бағдарламасы», «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ-ның  БҚО бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры С.С.Ізмұханбетова «Казақстан -2050» стратегиясы және мұғалім біліктілігін арттырудағы жаңа бағыт», БҚО балалар құқығын қорғау департаментінің директоры Ә.Х.Мәсалимов «Қазақстан -2050» Жолдауы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы іс-әрекеттер бағдарламасы» тақырыптарында баяндама жасады.

Аталмыш кеңеске қатысқан облыстық білім беру ұйымдарының басшылары Елбасы Жолдауын педагогикалық ұжымда  түсіндіру жұмыстарын кеңінен өткізу қажеттігін айтып, Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша қажетті шараларды қолға алу қажеттігіне баса назар аударды.

Жалпы күн тәртібі бойынша жоспарланған барлық мәселелер талқыланып, Жолдауда көрсетілген мәселелерді білім беру қызметкерлері, оқушылар мен студенттер және ата-аналар қауымдастығы арасында талқыға  салып, түсінік жұмыстарын жүргізу  және Елбасы білім беру саласының алдына қойған міндеттерді орындау тапсырылды.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі