Облыстық бастауыш сынып мұғалімдері олимпиадасы

Ағымдағы жылдың 14-15 қарашасында Орал қаласында білім басқармасының және мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Облыстық бастауыш сынып мұғалімдері олимпиадасы» өткізілді. Байқауға 13 үміткер өтініш беріп қатысты.

Мақсаты: Шығармашылықпен жұмыстанатын педагогтардың тәжірибелерін қолдау және насихаттау.

Байқау екі кезеңнен тұрды: аудандық және облыстық кезеңдер.

Олимпиаданың облыстық кезеңі 3 турда өтті:

1-ші тур Оқу материалдарын игеру деңгейін анықтау мақсатында құқықтық, педагогикалық-психологиялық және пәндік білімді сараптау мақсатында тест жұмысы жүргізілді.

2-ші тур мұғалімдердің шығармашылық шеберлігін анықтау мақсатында «Бастауыш сыныптарда білім сапасын арттыруда ақпараттық технологияның маңызы» атты тақырыпта мастер-класс өткізді.

3-ші тур мұғалімдер пәндік электронды сабақтар құрып, бағдарламаларын қорғады.

Әділқазылар алқасы мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын, тапсырмаларды орындау деңгейлерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруін, кәсіби шеберлігін, жеке тұлғалық қасиеттерін бағалады.

Қазылар алқасының бағалауы қорытындысында өз білімдерін жүйелі түрде шығармашылықпен жетілдіре білген ұстаздар төмендегідей жүлделі орындармен бөлісті.

1 орын - Тасқала ауданы Қ.Сәтпаев атындағы ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Нагиева А.А.

2 орын - Ақжайық ауданы Бітік ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Тарштыкова Л.М.

3 орын -  Сырым ауданы Көздіғара НМ бастауыш сынып мұғалімі Кушаева А.Қ.

Номинациялар бойынша:

«АКТ құралдарын қолданудың шебері» -  Адешова К.И., Бөкейорда ауданы, Жәнгірхан ат. ЖОББМ.

«Талантты ұстаз» - Утегенова Г.Т., Казталов ауданы, Казталов ЖОББМ.

«Жаңа ғасыр ұстазы» - Галимова Ш.Қ., Қаратөбе ауданы, Қаратөбе МГ.

«Дарынды ұстаз» - Диярова Г.А., Бөрлі ауданы, №5 ЖОББМ.

«Шығармашыл ұстаз» - Сарсенгалиева А.Т., Жаңақала ауданы, Жаңақала ЖОББМ.

Олимпиада жеңімпаздары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі