ӨЛКЕТАНУ
Батыс Қазақстан облысы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысының 2017 жылғы 26 сәуірдегі 1.3 т. хаттамалық тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 5-7 сыныптарға арналған жалпы көлемі 20 сағаттан тұратын «Өлкетану» курсы оқу бағдарламасын әзірледі.

Аталған курс 2018-2019 оқу жылынан бастап «География», «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихы» және «Музыка» пәндерінің аясында оқытылатын болады.

Батыс Қазақстан облысы өзінің «Өлкетану» оқулығын дайындады. Сондықтан аталған оқулық бойынша өз пікірлеріңізді қалдыруды сұраймыз.


Рухани-адамгершілік тақырыбына әңгіме
«Өзін-өзі тану» пәнінен оқушылардың Республикалық олимпиадасы

2016 жылғы 8-10 қараша күндері Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық  ғылыми - практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында «Өзін-өзі тану» пәнінен оқушылардың Республикалық олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға 14 облыс, Астана және Алматы қалаларынан  қатысты.

 
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен 2016 жылғы 7 қазан күні «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 7-9 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға облыс және аудан (қала) мектептерінен барлығы 49 оқушы қатысты.

 
«Өзін-өзі тану» пәнінен оқушылардың Республикалық олимпиадасы

2015 жылдың 8-11 қараша күндері Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық  ғылыми - практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында «Өзін-өзі тану» пәнінен оқушылардың Республикалық олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға 11 облыс, Астана және Алматы қалалары қатысты.

 
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

Облыстық білім бөлімінің мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2015 жылы 8 қазан күні ДБАМ С.Сейфуллин атындағы №11 ОҚМИК базасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ЖББМ-терден 7-9 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Облыс көлеміндегі аудандардан және қала мектептерінен барлығы 58 оқушы қатысты.

 
Облыстық білім беру қызметкерлерінің 2015-2016 жылғы тамыз педагогикалық кеңесіндегі «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің секциялық отырысы

2015 жылдың 11 тамызында Орал қаласының №46 жалпы орта білім беретін мектебі базасында «Өзін-өзі тану»- рухани-адамгершілік білімді тұтас педагогикалық үрдісінде іске асыру мәселелері» тақырыбында «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің секциялық отырысы өткізілді.

 



Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі