«Балаға мейірімді Қазақстан!» республикалық балалар форум-фестивалі

2017 жылғы 20-21 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу шеңберінде Астана қаласында «Балаға мейірімді Қазақстан» атты республикалық балалар форум-фестивалі өтті.

Республикалық форум-фестивальдің мақсаты - «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы негізінде өскелең ұрпақтың жасампаз азаматтық ұстанымы мен бай рухани құндылығын қалыптастыру.

Батыс Қазақстан облысынан форум-фестивалінің жұмысына балалар қозғалысының көшбасшылары, эстрада вокалы мен халық әнінің орындаушылары, халықаралық және республикалық байқауларының лауреаттары, барлығы - 20 оқушы қатысты.

Форум-фестивальге қатысушы балалар үшін республикада балалар қозғалысын ұйымдастырудағы және жандандырудағы өзекті мәселелерді талқылауға, балалардың шығармашылық, ғылыми, қоғамдық әлеуетін көрсетуге, балалар ұжымының арасында шығармашылық байланысты нығайтуға, шешім қабылдауға қатысудағы балалардың құқықтарын жүзеге асыруға арналған алаңдар ұйымдастырылды.

Форум қатысушыларына Астана қаласының Оқушылар сарайына, Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайына, Бейбітшілік және Келісім сарайына саяхат ұйымдастырылды.

Форум-фестивальдің салтанатты жабылуында форумға қатысушылардың және эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтті.

Қатысушы балаларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі