ІІ облыстық «Intel-logic - 2012» логикондар, логикалық есептер, софизмдер шешу 5-8 сыныптары арасындағы интеллектуалды турнир қорытындысы

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2012 жылғы 22 қазандағы №715 бұйрығына сәйкес облыстық «Дарын» қосымша білім орталығында 2012 жылдың 13-15 қараша аралығында  Облыстық «Intel-logic-2012» логикондар, логикалық есептер, софизмдер шешу 5-8 сыныптар арасындағы интеллектуалды турнир облыстық жалпы білім беретін, мамандандырылған мектептердің нақты ғылымдар пәндеріне бейім оқушылардың білімін жетілдіру, танымдық қызығушылығын дамыту, оқушыларды олимпиадаларға, түрлі деңгейлі ғылыми жарыстарға қатысуға таңдау, анықтау және дайындау мақсатында «Intel-logic - 2012» логикондар, логикалық есептер, софизмдер шешу интеллектуалды турнир өткізілді.

Турнир ережесіне сай 5 сыныптан - 1 оқушы, 6 сынып – 1 оқушы, 7, 8 сыныптан – 1 оқушыдан қатысты.

14-қараша күні сағ. 9:30 мин турнирдің ашылу салтанаты болды. Қазылар алқасы таныстырылды.

Қазылар алқасының төрағасы – Ө.Қ. Құспанов – «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің аудит бөлімі бастығы.

Қазылар алқасы мүшелері:

- Г.Б. Аюпова – облыстық білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері;

- Л.Р. Мажитова – облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің эксперті;

- Е.Н. Сафуллин – БҚО бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары;

- Ж.Анесова – № 34 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі.


Турнир үш айналымнан тұрды:  
1 тур. Логикондар шешу.
2 тур. Логикалық есептер шешу.
3 тур. Софизмдер шешу.


Логикондар. Бұл ойын, бірақ дидактикалық ойын. Оның көмегімен жеке білім құруға болады. Басында сақталған біліммен емес, белгіліні қайталау арқылы емес, ойлану арқылы құрастырылған білім. Ештеңені сұраудың және түсініктеме талап етудің қажеті жоқ. Тек  ойлан, тапсырмалардың шарттарын түсінуге тырыс, шешімнің бірнеше нұсқасын ұсынып, соның ішіндегі, ішкі қарама-қайшылығы жоқ, біреуін таңда.

Логикалық есептер – бұл көңілді, тапқыр және зейінді балаларға арналған қызықтыратын астарлы сұрақтар, қызықты тапсырмалар мен жұмбақтар, басқатырғыштар, фокустар мен ойындар.

Софизм логика ережелерін әдейі, саналы түрде бұзу. Софизмдерде ойда болмаған қателіктер болмайды бірақ нәтижесінде анық теріс шешімге алып келеді.

Облыс бойынша «Intel-logi - 2012» турниріне 15 команда қатысты:
- Бөрлі ауданы – 2;
- Теректі ауданы – 1;
- Шыңғырлау ауданы – 1;
- Тасқала ауданы – 2;
- Казталов ауданы – 1;
- Жәнібек ауданы – 1;
- Орал қаласы– 6;(№27МЛ,№28МЛ,№35 МЛ,№41МЛ,№42 «Ақ ниет» МГ)
- №8 ОДБМОМ – 1.

Ақжайық, Қаратөбе, Жаңақала, Зеленов, Сырым, Бөкей Ордасы аудандары қатысқан жоқ.

Әрбір «жақсы» сайыс тек білім және дағдыны ғана емес, алдымен сапалы жаңа есептерді шығара білуді, әдеттегі нәрселерге ерекше көзқараспен қарауды тексеру керек. Тапсырмалар мектеп бағдарламасынан шықпайтындай білімді қажет ететіндей құрастырылды, бірақ білімді әдеттегіден тыс жағдайда қолдануы қажет болды.

Жүлделі орындарға ие болғандар:

І дәрежелі –   Орал қаласы №35 МЛ 8-сынып оқушысы Шамелов Тамирлан, мұғалімі Александрова.С.Ю.
ІІ дәрежелі –  Орал қаласы №35 МЛ 8-сынып оқушысы Сисемалиев Асхат, мұғалімі С.Ю.Александрова.
ІІ дәрежелі –  БҚО №8 ОДБМОМ 8-сынып оқушысы Аманжолова Диана, мұғалімі Шаяхметова С.О.
ІІ дәрежелі – Жәнібек ауданы № 1 ЖОББМ 5-сынып оқушысы Гимранов Диас, мұғалімі  Садыкова Г. Н.
ІІ дәрежелі – Орал қаласы №35 МЛ 7-сынып оқушысы Шевченко Мария, мұғалімі Алиева С. Т.
ІІ дәрежелі – Орал қаласы №35 МЛ 7-сынып оқушысы Темірзахов Алишер, мұғалімі Алиева С. Т.
ІІІ дәрежелі –Орал қаласы №41 МЛ 7-сынып оқушысы Маратова Айша, мұғалімі Молдағалиева С. Т.
ІІІ дәрежелі –Орал қаласы №42 МГ 6-сынып оқушысы Байқатов Мұхтар, мұғалімі Есенгалиева Н. Б.
ІІІ дәрежелі – Орал қаласы №27 МЛ 8-сынып оқушысы Мұхамбеджанова Айымгүл, мұғалімі Боранбаева Г.С.
ІІІ дәрежелі – Казталов ауданы Ақпәтер ЖОББМ 5-сынып оқушысы Туменова Гүлназ, мұғалімі Байенова А.Р.

Өте жақсы білімін көрсеткен 5- сынып оқушылары: Туменова Гүлназ Казталов ауданы, №1 ЖОББМ Жәнібек ауданы Гимранов Диас. Бұл оқушылар 8 сынып оқушыларымен тапсырмаларды бірдей орындады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен: энциклопедиялық, анықтамалық, математика кітаптармен  марапатталды.

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан