Облыстық «Педагогикалық шеберлік мектебінің» жұмысы туралы

Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 23-24 қараша күндері «Педагогикалық шеберлік мектебі» жобасы бойынша жас мамандарды оқыту ұйымдастырылды.

Жобаға 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар облыстың білім беру ұйымдарының, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының арнайы мамандары мен қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.

Мектеп жұмысының мақсаты-жас педагогтердің өзін-өзі жетілдіру және дамыту қажеттіліктерін қалыптастыру, олардың кәсіби жетілуіне әдістемелік көмек көрсету.

Инклюзивті білім беруде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық консилиумдар ережесі, оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі, әр баланың диагноздарын ескере отырып сабақтар өткізу, мониторинг, диагностикалар құру туралы теориялық және практикалық жұмыстар өткізілді.

Қосымша білім беру бойынша жас мамандарға: теориялық бөлімінде қатаң есеп құжаттарының жүргізілуі, қосымша білім беру ұйымдарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, инклюзивті білім беру, педагогтердің білім жетілдіруі жөнінде баяндамалар оқылды. Практикалық бөлімде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, шебер сыныптар мен ашық тәрбие сағаттарын өткізудің ерекшеліктері көрсетілді. Сонымен қатар, жас мамандар нормативтік құжаттар бойынша тест тапсырып, үй тапсырмасы бойынша жұмыс жобасын қорғады.

Педагогикалық шеберлік мектебінің соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты және ұсынбалар қабылданды. Жас мамандарға облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сертификаттары табыс етілді.

1

2

3

4

5

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі