Батыс Қазақстан облысында мұғалімдер күні

«Ұстаз - ұлы есім» атты мұғалімдер күніне арналған мерекелік шара 2017 жылдың 6 қазанында облыстық Қазақ драма театрында 310 оқытушыны қамтумен өткізілді.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Б.Т.Конысбаева педагогикалық еңбек ардагерлері, мектеп директорлары мен директорлардың орынбасарлары, мұғалімдер, «Үздік оқытушы» республикалық байқауының жеңімпаздары, жас мамандар, педагогикалық династиялар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында облыс мұғалімдері облыс әкімі А.С.Көлгіновтың алғыс хаттарымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің наградаларымен марапатталып, түрлі аталымдармен облыстың ардагерлері және ұстаздары құрметтелді. Батыс Қазақстан облысы мектептерінің түлектері мұғалім- тәлімгерлерін құттықтады.

Облыста білім беруді дамытуға өз үлестерін қосқаны үшін 5 басшы «Креативті басшы» аталымымен марапатталды.

Мерекелік іс-шара барысында «Ұстаздар отбасы» аталымымен 3 педагогикалық отбасы марапатталады. Бұл отбасылар, үш буын білім беру саласының  қызметкерлері, яғни педагогикалық династияны жалғастырушылар.

«Жылдың мерейлі  ардагері»  аталымы бойынша білім беру жүйесінде жұмыс істеген, 75 жасқа жеткен, үш педагогикалық еңбек ардагері  марапатталады.

«Жыл ұстазы» аталымымен оқушыларды тәрбиелеу мен  оқытуда нәтижеге жеткен облыстың 7 ұстазы марапатталды.

«Заманауи әдіскер» аталымымен ең үздік 5 әдіскер марапатталды.

Сондай-ақ, дәстүр бойынша «Жалынды жас маман» аталымымен 13 жас мұғалім марапатталды.

Барлық аталымға ие болған ұстаздарға естелік сыйлықтар мен сертификаттар табысталады.

Естелік сыйлықтар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті есебінен алынды.

Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шаралар барлық аудандар мен Орал қаласында, сондай-ақ ведмостваға бағынысты білім беру ұйымдарында өткізілді.

Концерттік бағдарламамен халықаралық, республикалық және облыстық байқаулердың жеңімпаздары өнер көрсетті.

1 2

3 4

5 6

7 8

9 10

11 12

13 14

15 16

17 18

19 20

21 22

23 24

25 26

27 28

29 30

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі