«Тәрбие жүйесі және қосымша білім берудің даму болашағы мен жаңа бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

2017 жылдың 5 қазан күні Орал қаласындағы Оқушылар және жастар сарайы базасында іс – тәжірибені қорыту (жинақтау) мен тарату, балаларға қосымша білім беру тұрғысынан қазіргі заманғы тәрбие жүйесінің және әлеуметтік-мәдени, экономикалық жағдайын анықтау басымдықтары мен бағыттарын дамыту; қазіргі әлемдегі және Қазақстандағы балаларға қосымша білім берудің тартымдылығы және нәтижелілігі, тәжірибе ұсыну және мәселелерді анықтау, перспективалық қажеттілігі мен үрдістерін дамыту мақсатында «Тәрбие жүйесі және қосымша білім берудің даму болашағы мен жаңа бағыттары» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы өткізілді.    

Конференцияға Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе, Атырау, Маңыстау өңірлік білім беру ұйымдарының өкілдері;

Ресей Федерациясынан:

Москва қаласы, Самара, Саратов облысы білім басқармаларына бағынышты мекемелер өкілдері;

сондай-ақ аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттердің және орталықтардың: әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, білім беру мекемелерінің сынып жетекшілері, педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтері; қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, орынбасарлары, әдіскерлері және педагогтері қатысты.

Пленарлық бөлімде білім беру жүйесінде тәрбие процесінің қазіргі заманғы тәсілдерін талқылау арқылы тәрбиелеудің инновациялық тәжірибесіне жәрдемдесу, тәрбие жүйесі және қосымша білім берудің даму болашағының перспективасында инновациялық ғылыми және практикалық халықаралық тәжірибені анықтау және тарату сөз болды.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында 15 секция жұмыс жасады. «Білім берудің басым бағыттарын жүзеге асырылуын дамытуда қосымша білім беру жүйесінің басты міндеттері: тиімді нәтижеге жағдай жасау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Конференцияға барлығы 150 адам қатысты. Конференцияға қатысушылар Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының сертификатына ие болды.

1 2

3 4

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі