«Үздік қосымша білім беру педагогы» облыстық байқауы туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың 14-15 қарашасында Орал қаласында білім басқармасының және мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Үздік қосымша білім беру педагогы» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға 11 үміткер өтініш беріп қатысты.

 

Мақсаты: Білім беру жүйесіндегі балалардың таланттарын, қабілеттерін, қызығушылықтарын дамытуда, білім алушылардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда қосымша білім берудің рөлін көтеру.

Байқау екі кезеңнен тұрды: сырттай және күндізгі кезеңдер.

Байқаудың сырттай кезеңі 3 турда өтті:

1 – ші тур «Менің білім беру бағдарламам» атты жүргізетін оқу-тәрбие жұмысының бағдарламасы.

2 – ші тур қатысушылардың портфолиясы.

3 - ші тур қатысушылардың бейнетаспаға түсірілген ашық сабақтары.

Күндізгі кезең 2 турда, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының базасында өтті:

1 – ші тур «Менің педагогикалық сенімім» өзіндік тұсау кесері.

2 – ші тур « Менің білім беру бағдарламам» атты панорамалық сабақ.

Қазылар алқасының шешімі бойынша төмендегі қосымша білім беру педагогтары жүлделі орындарды иеленді:
Бас жүлде - Нұрымбетов Еркін Шаяхметұлы(Теректі ауданы)

1 орын - Чарикова Ольга Федоровна (Зеленов ауданы )

2 орын - Складанюк Виталий Владимирович (Бөрлі ауданы )

3 орын - Каширин Виталий Владимирович (Орал қаласы)

Номинациялар бойынша:

«Ең үздік авторлық бағдарлама» -  Избасаров Даняр Нұрболатұлы (Ақжайық ауданы)

«Тәжірибе және шеберлік» - Батыршин Бейбіт Ахметұлы (Сырым ауданы)

Байқау жеңімпаздарыдипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі