Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасындағы «Мәңгілік Ел тірегі - Жастар» жас мамандардың облыстық слеті туралы

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы мен облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2017 жылдың   24-25 тамыз күндері Зеленов ауданы, Рубежка колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  арасында «Мәңгілік Ел тірегі - Жастар» жас мамандардың облыстық  слеті өткізілді.

Облыстық слеттің мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас мамандар арасында шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас  педагогтарды анықтау, оқытушылардың кәсіби шеберлігін, дағдысын және теориялық дайындығын жетілдіру.

 

Областной учебно-методический кабинет организаций дошкольного, общеобразовательного, технического и профессионального образования Управления образования ЗКО 24-25 августа  2017 года  на базе Рубежинского колледжа провел областной слет молодых специалистов среди технического и профессионального образования «Мәңгілік Ел тірегі - Жастар»

Цель областного слета  – выявление творчески работающих молодых специалистов в области технического и профессионального образования, повышение профессионализма, мастерства и теоретической подготовки учителей.

 

The Department of education and the regional methodical authority  held  an annual meeting of  young specialists  among technical and vocational education “Mangilik El tiregi- Zhastar”. The meeting was conducted  August 24-25, 2017 on the basis  of the Rubezhin college.

 

 

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы мен облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  2017 жылдың   24-25 тамыз күндері Зеленов ауданы, Рубежка колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  арасында «Мәңгілік Ел тірегі - Жастар» жас мамандардың облыстық  слеті өткізілді.

Облыстық слеттің мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас мамандар арасында  шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас  педагогтарды анықтау, оқытушылардың кәсіби шеберлігін, дағдысын және теориялық дайындығын жетілдіру.

Облыстық слет барысында жас мамандар  «Мен мамандығымды мақтан тұтамын!» тақырыбында топтық жұмыс арқылы өз жобаларын қорғады.  «Өнердің өрі-таланттың төрі» бөлімінде өнерлерін ортаға салды,  спорттық шараларда әр топ белсенділіктерін танытты. Ал, «Ел болашағы білікті маман қолында» дөңгелек үстел барысында өзара пікір алмасты, «Ертегі терапиясы» тренингінде өздеріне берілген тапсырмалар бойынша  ертегілерді жаңаша түрлендіріп, сахналық қойылым қойды. Сондай-ақ,  педагогикалық жағдаяттардан шығу жолдарында жас мамандар өз ойларын мағыналы және жоғары деңгейде жеткізе білді. Слетке қатысқан жас мамандар бір-бірімен тәжірибе алмасып, ортақ пікірлер айтылды.

Облыстық слеттің қорытындысында қатысушыларға  Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының грамоталары және алғыс хаттары табысталып,  флешмобпен аяқталды.

«Педагогикалық дебют» аталамымен - Тапалова Жанаргүл Ерболатқызы, Технологиялық колледжінің арнайы пән оқытушысы;

«Алтын кадр резерві» аталамымен - Изғалиев Елдар Дидирұлы, А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің арнайы пән оқытушысы;

«Сенімділік пен еңбек сүйгіштік» аталамымен - Хазмуханов Нұрболат Маратұлы,  А.Иманов атындағы жол-көлік арнайы пән оқытушысы;

«Табысты бастау» аталамымен - Жунусов Бактияр Жалғасұлы, А.Иманов атындағы жол-көлік арнайы пән оқытушысы;

«Ортаның шырағы» аталамымен - Чурусова Вероника Александровна, Зеленов колледжінің арнайы пән оқытушысы;

«Қара сөздің шебері» аталамымен - Аханов Самат Иебергенұлы, Орал политехникалық колледжінің  өндірістік оқыту шебері;

«Ойы ұшқыр жас маман» аталамымен - Чебан Лариса Вячеславовна, Рубежка колледжінің өндірістік оқыту шебері;

«Табыс жолында» аталамымен - Иргалиева Светлана Амантайқызы, Рубежка колледжінің арнайы пән оқытушысы;

«Эрудитті көшбасшы» аталамымен-Жұбанғалиев Асыланбек Жанболатұлы,  Қаратөбе колледжінің арнайы пән оқытушысы;

«Актерлік шеберлігі» аталамымен - Гатауова Ақбөбек Асылбекқызы, Қаратөбе колледжінің өндірістік оқыту шебері;

«Дәстүр сақшысы» аталамымен - Акташев Бегайдар, Қаратөбе колледжінің арнайы пән оқытушысы;

«Үздік бастама» аталамымен - Нурушев Азамат Маратұлы, Шыңғырлау колледжінің өндірістік оқыту шебері;

«Жас дарын» аталамымен - Губайдуллина Лаура Артурқызы, Орал ақпараттық технологиялар колледжінің информатика пәнінің оқытушысы;

«Креативті жас маман» аталамымен  - Ниғметов Ерлан Мұхамбетұлы, Орал ақпараттық технологиялар колледжінің өндірістік оқыту шебері;

«Ұтқыр маман» аталамымен - Галиаскарова Әсел  Нариманқызы, Орал газ мұнай салалық және технологиялар колледжінің арнайы пән оқытушысы;

«Өнерпаз маман» аталамымен -Даулетов Мерейбек Оразбайұлы, Орал газ мұнай салалық және технологиялар колледжінің арнайы пән оқытушысы;

«Шексіз шығармашылығы» аталамымен - Нарынов Аслан Хайсаұлы, Жәнібек колледжі өндірістік оқыту шебері;

«Интелектуалды көшбасшы» аталамымен - Хайрлиев Нұрлыбек Нұрболатұлы, Жәнібек колледжі өндірістік оқыту шебері;

«Табысқа алғашқы қадам» аталамымен - Максутов Мади Серікқалиұлы, Ақжайық аграрлық техникалық колледжінің  химия, биология пәнінің оқытушысы;

«Өз кәсібінің маманы» аталамымен - Молдашев Ришад Маратұлы, Теректі колледжінің дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы. 

1

2

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі