«Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» облыстық педагогикалық қызметкерлердің тамыз конференциясы аясындағы «Өзгермекші әлем үшін кәсіби дағдыларды өзгерту» техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кеңесі туралы

2017 жылдың 18 тамыз күні  А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық тамыз кеңесінің пленарлық және секциялық отырысы «Өзгермекші әлем үшін кәсіби дағдыларды өзгерту» тақырыбы бойынша оздырылды.

18 августа 2017 года Управлением образования ЗКО и областным учебно-методическим кабинетом на базе Дорожно-транспортного колледжа им.Иманова проведено пленарное и секционное заседание августовского совещания педагогических работников технического и профессионального образования на тему «Изменения профессиональных навыков для меняющегося мира».

 

The Department of education and the regional methodical authority  held  an annual meeting of educators and teachers of vocational training on the basis of   transport  college  named  after  Imanov  on topic  “The changes of professional skills for a changing world”. The meeting was conducted August 18, 2017.

 

 

Педагогикалық тамыз кеңесіне  «Қазақстандық салалық білім және қызметкерлері кәсіподағының БҚО ұйымы» қоғамдық бірлестігінің, БҚО кәсіпкерлер палатасының, БҚО жас­тармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының, Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының, Батыс Қазақстан облыстық  психикалық денсаулық орталығының, №2 қалалық емхананың, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері және 220  инженер – педагогі қатысты.

Пленарлық отырыста білім басқармасы басшысының орынбасары Н.Сабиров өткен оқу жылына талдау жасап, алдағы оқу жылының  міңдеттерін айқындады. Сонымен қатар «Үздік педагог» пен «Үздік  колледж - 2017»  облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына «Қазақстандық салалық білім және қызметкерлері кәсіподағының БҚО ұйымы» қоғамдық бірлестігінің сыйлықтары және БҚО жас­тармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының Алғыс хаттары табыс етілді.

Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің секция жұмыстары 6 бағыт бойынша өткізіліп, келесі мәселелер қаралды:

I бағыт техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының секциясы «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасын іске асыру аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру» тақырыбында, «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жаңа жобасын жүзеге асыру,  дуальды оқыту жүйесінің жол картасын жүзеге асыруды жалғастыру,  модульдік білім беру бағдарламаларын оқу процесіне даярлау, бекіту және енгізу, модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде жаңа білім бағдарламарын әзірлеу шеңберінде әлеуметтік серіктестіктерді тарту.

II бағыт «Нәтижеге бағдарланған білім беру моделіндегі білім сапасын жетілдірудің жаңа бағыттары» тақырыбы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлар секциясында      дуальды оқытуды енгізу жол картасына  сәйкес, БҚО Кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп дуальды оқытуды енгізу бойынша және оқу үдерісіне модульдік технологияны енгізу мен жетілдіру бойынша  жұмысты жалғастыру, әлеуметтік әріптестермен бірлесіп  модульдік оқыту аясында  жұмыс оқу жоспарын    өндірістің технологиялық   дамуына сәйкес жасақтау.

III бағыт «Модульдік оқыту технологиясы негізінде техникалық және кәсіптік білімнің мазмұнын жаңарту» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлар секциясында ТжКББ ұйымдарынның оқу үдерісіне модульдік технологияны енгізу мен жетілдіру бойынша  жұмысты жалғастыру;

IV бағыт «Колледждегі тәрбие жұмысы: жаңа сұраныс, жаңа мүмкіндіктер, жаңа жауапкершілік» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар секциясында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында патриоттық тәрбиеге бағытталған колледж студенттеріне жүйелі түрде іс-шаралар өткізу, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, студенттерді рухани адамгершілікке тәрбиелеу.

V бағыт «Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру»  тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары әдіскерлер секциясында оқытушылардың  кәсіби  білімі  мен  педагог кадрлардың даярлау біліктілігін жетілдіруге, олардың құзыретін арттыруға  ұйымдастырушылық жағдай жасау.

VI бағыт «Техникалық және кәсіптік білім берудегі арнайы пән оқытушылары   мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби тұрғыда өсуі»  тақырыбында  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары  өндірістік оқыту шеберлері мен  арнайы пән оқытушыларының секциясында оқытушылардың  шығармашылық қабілеттерін дамытуға  және  оқу-әдістемелік тәжірибесін таратуға бағытталған оқу-әдістемелік іс-шараларды өткізу туралы мәселелері қаралды.

Секция жұмысының қорытындысы бойынша ұсынбалар  қабылданды.

1

2

3

4

5

6

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі