Батыс Қазақстан облысының білім беру қызметкерлерінің қатысуымен өтетін тамыз кеңесінің БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз педагогикалық кеңесі 2017 жылғы 19 тамыз күні қазақ драма театрында өткізілді.

2017 жылғы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің тақырыбы - «Қазақстанның жаңаруы 3.0 - білімнің үлесі».

Пленарлық кеңес отырысына облыс әкімі А.С.Көлгінов, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілі, заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Н.Ә.Байжанов, облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, облыстық басқармалар мен  құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, жоғары оқу орындарының ректорлары, Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаментінің, “Өрлеу” біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы” акционерлік қоғамының филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының басшылары, білім беру және ғылым қызметкерлерінің облыстық  кәсіподақ ұйымының төрағасы, білім беру ісінің еңбек ардагерлері және білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағалары,  барлық аудандар мен қала  әкімдері, білім беру бөлімдерінің және оқу орындарының басшылары,  мұғалімдер, жас мамандар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отыр. Барлығы - 310 адам.

 

 

Ағымдағы жылдың тамыз айының 8-18 аралығында  білім беру ұйымдарында  секция мәжілістері өтті.  Секция жұмысына үш мыңнан астам  білім беру қызметкері қатысты.

Кеңес барысында педагогикалық еңбек ардагерлері мен биылғы жылы облыстың білім беру ұйымдарына келген жас мамандарға жас ұландармен құрмет көрсетілді.

Облыстық байқаулардың қорытындылары шығарылды. Наградаларды  облыс әкімі А.С.Көлгінов табыстады. «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық байқауының жеңімпазы болып Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі марапатталды.

Республикалық «Үздік педагог» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталады: Орал қаласы №34 «Балбұлақ» бөбекжайының тәрбиешісі А.М.Сагидуллина, Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған  мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп–лицей-интернатының  география пәні мұғалімі А.Б.Сидарова, Орал ақпараттық технологиялар колледжінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы М.І.Аққалиев.

Облыс әкімі атынан жеңімпаздарға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне елеулі үлес қосқан ұстаздарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің наградалары табыс етілді. Марапаттау рәсімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігінің өкілі, заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Н.Ә.Байжанов жүргізді.

"Ы. Алтынсарин"  төсбелгiсiмен  марапатталған ұстаздар: Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Н.М.Сабиров, Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Б.Сапаров, Зеленов ауданының Дарьинск ЖОББҚМ директоры  Ш.З.Өмірзақова, Орал қаласының №23 ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Е.Г.Сусорова.

«Бiлiм беру iсiнiң құрметтi  қызметкерi" төсбелгiсiмен марапатталған ұстаздар: Ақжайық ауданы «Бөбек» балабақшасының  меңгерушісі Г.Ж.Қажғалиева, Сырым ауданы Бұлдырты  ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Қ.Б.Рамазанова, № 8 Дарынды балаларға арналған мектебінің география және биология пәні мұғалімі Л.Г.Чернецова, Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжінің директоры С.А.Әлімбеков.

Пленарлық кеңесте облыстық кәсіподақ ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған байқау нәтижелері түрлі номинациялар бойынша қорытындыланды. Бірлескен байқаулардың 5 жеңімпазы сертификаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

1

2

3

4

5

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

6

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі