«Қосымша білім беру жүйесіндегі қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар» тақырыбында облыстық ашық есік күні |
Ағымдағы жылдың 16 мамырында мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес Бөрлі ауданының қосымша білім беру ұйымдарының іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Қосымша білім беру жүйесіндегі қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды. Шараға қосымша білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарлары қатысты. Барлығы – 60 қатысушы. Ашық есік күнінің бірінші бөлімінде Мектептен тыс жұмыс орталығының үйірме мүшелерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі өткізілді. Екінші бөлімінде Балалар өнер мектебі мен мектептен тыс жұмыс орталығында – кескіндеме өнері, дизайн үлгілерін дайындау, энкаустика, балауызбен сурет салу, «Аrduino» микро бақылаушы бағдарламалау құрылысы, коллаж техникасы бойынша шебер сыныптар оздырылды. Балалар саз мектебінде өткізілген практикалық сабақтарда халық әндері, баян, домбыра фортепиано аспаптары және хор кластары бойынша ансамбль жұмысы, «MuseScore» ноталық бағдарламасымен жұмыс ерекшеліктері көрсетілді. Ашық есік күні соңында қорытындыланып, ұсынбалар қабылданды. |