Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекеттік Басшысы 2017 жылдан «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасын жариялады.

38 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (27 мемлекеттік және 11 мемлекеттік емес колледждерде) 19,9 мың адам мамандықтар мен жұмысшы кәсіптерін алуда. Жұмысшы кадрлар мен мамандарды даярлау 74 мамандық және 139 біліктілік бойынша жүргізіледі, соның ішінде 38 техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылық бағыттағы мамандықтар. Мемлекеттік колледждердегі 12520 білім алушы континентінің 4603 студенті (36,8%) жұмысшы мамандықтар бойынша білім алуда. Мемлекеттік емес колледждердің 8179 білім алушысы орта буын мамандықтарына оқытылуда.

2016-2017 оқу жылы 22 колледжге «эксперименталды алаң» мәртебесі беріліп, 19 мамандық бойынша 67 кәсіпорынымен бірлесіп дуальдық оқытуды қолданылады. Білім беру ұйымдары және олардың әлеуметтік әріптестері арасында 1613 келісімшарт жасалды.

2016 жылы кәсіби даярлық деңгейін тәуелсіз бағалауымен облыстың 35 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 56 мамандық пен 93 біліктілік бойынша 5955 бітіруші қамтылып, теориялық тестілеу мен практикалық жұмыстарды орындау қорытындысымен 5861 адам немесе қатысушылардың 98,4 % (2015 жылы - 96,8%) сәйкестік сертификаттарын алды.


 

2018 – 2019 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен қаржыландыратын техникалық және кәсіптік білімі бар

мамандарды даярлауға Батыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсын жариялау туралы

"Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" ММ облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында 2018 – 2019 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсын жариялайды.

Елдің индустриалдық – инновациялық дамуының, кадрларға салалық және өңірлік қажеттілігінің басымдықтарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрларды даярлау жөніндегі Өңірлік және салалық кеңестер облыс экономикасына қажетті 112 мамандық пен 322 біліктілік бойынша 8115 маманға сұранысты анықтады (Өңірлік кеңестің 27.02.2018 жылғы №1 хаттамасы қосымша).

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, сондай – ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі- Қағидалары) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы  № 397 бұйрығымен бекітілген «Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына» (бұдан әрі-Стандарт) сәйкес 2018 – 2019 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен осы сұранысқа ие мамандықтар бойынша 3500 адамға техникалық және кәсіптік білім беру тапсырысын оқу орындарына орналастырады, соның ішінде жұмысшы біліктілігінің белгіленген және жоғарылатылған деңгейіне - 1987 орын тегін, орта буын мамандарды даярлауға 1513 орын конкурстық негізінде.

Қатысуға өтініш берген меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына жіберіледі.

 

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысатын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар

Конкурсқа қатысу үшін Орал қаласы, Есқалиева көшесі, 72-ғимаратта орналасқан «Батыс Қазақстан облысың білім басқармасы» ММ –не Қағидаларға және Стандартқа сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары келесі құжаттар топтамасын ұсынады:

1) Стандарттың 1-қосымшасындағы нысан бойынша Техникалық және кәсіптік, орта білімненкейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;

2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігінің, жарғының, банктен анықтаманың, салықоргандарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;

3) жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы (жекеменшік немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы (жедел  басқару) құжаттардың көшірмелері;

4) стандарттың 2-қосымшасындағы нысан бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныс ұсынысы.

 

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысуға ниет білдірген барлық қатысушылар 2018 жылдың 10 сәуір күні сағат 10.00-ден қалмай Орал қаласы Есқалиева көшесі, 72 ғимаратта орналасқан «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-ің №213 кабинетіне құжаттар жинағын жеткізу қажет. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру комиссиясы 2018 жылдың 10 сәуір күні 11.00 сағатта білім беру ұйымдарының конкурстық құжаттарын қарастырады.

 

1

 

1

 

1

 

1

 

1

 

1

 

1

 


Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 7 маусымдағы № 138 қаулысы.

Жүктеу

 

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі