І АЙМАҚТЫҚ ҚАДЫР ОҚУЛАРЫ

І аймақтық Қадыр оқуларына Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарынан жан-жақты дарынды, поэзияны сүйетін, өлеңді тақырыбына сай талдай білетін, мәнерлеп, көркем оқи алатын қасиеті әрі ақындық қабілеті бар оқушылар қатысты.

І аймақтық Қадыр оқулары «Сөздің бәрі құдіретті...» мәнерлеп оқу, «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, кейбір жырым бақташы боп жүр маңда...» ән байқауы, «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін...» өз шығармашылығы бөлімдерінен тұрды.

Аймақтық жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында өткізілген Қадыр оқуларының мақсаты мен міндеттері - оқушылар арасында Қадыр Мырза Әлі шығармашылығын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума таланттарын, табиғи дарындылығын анықтау, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.

Аймақтық кезеңнің қорытындылары бойынша «Сөздің бәрі құдіретті...» мәнерлеп оқудан Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББМ 6-сынып оқушысы Қ.Ғазез –  арнайы жүлде, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Қ.Мырзалиев атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы А.Шаужан – бас жүлде, Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау орта мектебінің 9-сынып оқушысы Ш.Мағзом – І орын, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы № 2 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы М.Жолмұрат – ІІ орын, Батыс Қазақстан облысы, А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖОМ 9-сынып оқушысы И.Валиев – ІІІ орын, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Бейнеу гимназиясының 9-сынып оқушысы М.Сагидуллин ІІІ орын иеленді.

«Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, кейбір жырым бақташы боп жүр маңда...» ән байқауынан Ақтөбе қаласы №32 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы А.Едіге – бас жүлде, Атырау облысы, Исатай ауданы Аққыстау орта мектебінің 8-сынып оқушысы Д.Мәжитова – І орын, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау мектебінің 7-сынып оқушысы Н.Байғалиева – ІІ орын, Атырау облысы, Жылыой ауданы №4 орта мектептің 10-сынып оқушысы Б.Аманқосов – ІІІ орын, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы № 8 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Ж.Олджабаева ІІІ орынға ие болды.

«Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін...» өз шығармашылығынан Атырау облысы, Индер ауданы Махамбет атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Д.Борисова – бас жүлде, Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы Жаңақала мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы А.Нөкеш – І орын, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы №2 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы А.Полатова – ІІ орын, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы №11 орта мектептің 10-сынып оқушысы Ә.Қуандықова – ІІІ орын, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы А.Жұмағалиев атындағы ОМБК 10-сынып оқушысы А.Қамидолла ІІІ орын алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер құнды сыйлықтармен марапатталды.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі