Тәрбие және профилактикалық жұмыс бөлімі

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі».
Әль-Фараби

Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің қоғам алдындағы зор борышымыз.

Тәрбие мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру үдерісінде, сабақтан тыс уақытта және білім алушылардың бос уақытында жүзеге асырылады. «Мәңгілік Ел» идеясы - жастар үшін ортақ мақсат және біріктіруші ұран.

Қосымша білім беру

Облыста қосымша білім беру мекемелерінің желісі 58-ні құрады (20 – саз мектебі, 1-көркемсурет мектебі, 2-балалар өнер мектебі, 16 мектептен тыс жұмыс орталығы және балалар шығармашылық үйлері, 14-туризм және экология орталығы, 1-облыстық экологиялық-биологиялық орталығы, 1-облыстық техникалық балалар шығармашылық орталығы, 1-аудандық балалар техникалық шығармашылық орталығы, 1–аудандық балалар спорт клубы), оқушылардың 61,4%-ы (57915 оқушы) қамтылды.

Сонымен қатар, қосымша білім беру мәдениет (аула клубтары), дене шынықтыру және спорт (спорт мектептері) салаларындағы мекемелермен де жүзеге асырылады. Ағымдағы оқу жылы облыс оқушыларының  74,6%-ы (70464 оқушы) қосымша білімнің барлық түрлерімен қамтылды.

Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектептерді спорт залдарымен (қамту пайызы – 68,6%),  спорттық жабдықтармен (қамту пайызы-70%) қамтамасыз етудің маңызы зор. Облыс мектептерінде әр түрлі бағыттағы 1430 спорттық секциялар қызмет етіп, 34604 оқушы (36,6%) қамтылды.

Қосымша білім беру ұйымдарындағы оқушылар саны, адам

Аудан, қала атаулары

Жалпы бала саны

ҚББҰ қамтылған

Пайыз

1

Ақжайық

6385

5983

93,7%

2

Бөкей ордасы

2465

1012

41%

3

Бөрлі

8344

3952

47,3%

4

Жаңақала

3826

1290

33,7%

5

Жәнібек

2481

1265

50,9%

6

Зеленов

7786

2499

32%

7

Казталов

5006

2820

56,3%

8

Қаратөбе

2521

1275

50,5%

9

Сырым

2928

1524

52%

10

Тасқала

2486

2380

95,7

11

Теректі

5938

1983

33,3%

12

Шыңғырлау

1972

905

45,8%

13

Орал қаласы

40113

31027

77,3%

Облыс бойынша барлығы:

94369

57915

61,4%

100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Біртектілік және бірлік» IV институционалдық реформасын жүзеге асыру

Қазақстан Президентi Ұлт Жоспарының 87-қадамында ұлттық құндылықтарды және өскелең ұрпақ санасындағы патриотизмдi нығайтудың маңыздылығын атап өттi: «Азаматтық біртектілікті нығайтудың «Менің елім» ұлттық жобасы, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі, отансүйгіштікке, мемлекетшілдікке үндейтін шаралар, « Мәңгiлiк Ел» құндылықтарын мектеп стандарттарына енгiзу.

Қазақстандықтардың алдында тұрған аса маңызды міндет - «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру.

1

2016 жылдың 10 – 20 маусым күндері Қарағанды қаласында өткен Республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына облыс құрама командасы кермеге тартылудан І орын, үздік патриоттық ролик І орын, арқан тартудан І орын иеленді.

3

2016 жылдың 12–23 шілде күндері Шымкент қаласында өтетін волейболдан «Шұбар доп» мектеп лигасының Республикалық турниріне ІІІ орын алған Жәнібек ауданының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-8 сынып оқушылары (ұлдар командасы).

2

2016 жылдың 12–23 шілде күндері Шымкент қаласында өтетін волейболдан «Шұбар доп» мектеп лигасының Республикалық турниріне ІІ орын алған Шыңғырлау жалпы орта білім беретін мектебінің 6-8 сынып оқушылары (қыздар командасы).

4

2016 жылдың тамыз айының 15-29 аралығында Талдықорған қаласына XVІ-шы «Қозғалыстың жас инспекторлары» топтарының республикалық слетіне Орал қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің құрама командасы «Велосипедте мәнерлеп жүру» сайысында І орын, «Эрудиттер турнирінде ІІ орын иеленді.

5

2016 жылдың 08–19 қыркүйек күндері Алматы қаласында өтетін «Қазқұтқару-2016» республикалық жиынына Тасқала ауданының құрама командасы І орын иеленді.

6

2016 жылдың 10–21 қазан күндері Шымкент қаласында өтетін баскетболдан «Алтын доп» мектеп лигасының Республикалық турнирінде ІІІ орын алған  Орал қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-8 сынып оқушылары (ұлдар командасы).

7

2016 жылдың 10–21 қазан күндері Шымкент қаласында өтетін баскетболдан «Алтын доп» мектеп лигасының Республикалық турнирінде ІІІ орын алған  Орал қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-8 сынып оқушылары (қыздар командасы).

8

Балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, төтенше жағдайлар кезінде іс-әрекеттерге, өз-өзіне және өзара көмек көрсетуге  дайындауға бағытталған қолданбалы спорт түрлерімен шұғылдануға балалар мен жастарды тарту және әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында 5-7 қазан күндері облыстық білім басқармасы, «Өркен» қосымша білім беру орталығы мен БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ұйыдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25  жылдығына арналған «Жас құтқарушылар» топтарының облыстық слеті өткізілді.

9

Ағымдағы жылдың 28 қазан күні облыстық білім басқармасының қолдауымен облыстық "Өркен» қосымша білім беру орталығының және облыстық Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен «Үздік жас полиция көмекшісі» топ басшыларының облыстық байқауы өткізілді. Шараға «Жас полицей» тобының 12 топ басшылары қатысып, «Мен жас полицей» таныстыру байқауы, «Біз атқарған игі істер», «Егер мен полицей болсам» шешендік өнер байқауы және ситуациялық сұрақтар бойынша сынға түсті.

10

Білім басқармасының 2016 жылғы 6 қазандағы №781 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 10-21 қазан аралығында кәмелетке толмағандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары, мектептен тыс мекемелерінің тәрбиеленушілері арасында  «Қазақстанның болашағы нашасыз» облыстық суреттер, плакаттар байқауы өткізілді.

Байқауға 76 оқушы қатысып, 80 жұмыс ұсынылды.

Шараға Ақжайық, Сырым, Шыңғырлау, Жәнібек және Орал қаласының оқушылары белсенді қатысты.

11

2016 жылдың 28 қазан – 8 қараша күндері Петропавловск қаласында «Мен – Чемпион» балалар спорттық теледидарлық ойыны өтті. Ерекше жеңіске деген жігерлігімен Шежін жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының оқушысы Мырзабеков Айбатыр көзге түсті.

12

2016 жылғы 12 маусым Астана қаласында өткен «ЭКСПО – 2017» шеңберінде "Қазақстан - менің елім" жас өлкетанушылар, экологтар  мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының  жеңімпаздары: «Ғылымға қадам» зерттеу жобалары бойынша:

“Денсаулық және қоршаған орта” номинациясында облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 10 сынып оқушысы Губашев Мақсат I орын иеленді.

13

«Жасыл әлем» тақырыбындағы шығармашылық жұмыстардың көрмесі бойынша: «Ландшафтық дизайн» номинациясында Шыңғырлау ауданы мектептен тыс жұмыстар орталығының «Ағаш шебері» үйірмесінің мүшесі Қуанышкереев Мухаммед-Али  I орын иеленді. «Экообъектив» байқауының «Табиғат – бәріне ортақ, баға жетпес сый» номинациясында Кажгалиева Альбина  II орын иеленді. «Екінші өмір» номинациясында Ақжайық ауданы Балалар шығармашылық орталығының «Көркем сурет»  үйірмесінің мүшесі Хожаниязов Асылбек III орын иеленді.

14

2016 жылғы маусым айында өткен Республикалық "Сиқырлы пластилин" атты сырттай байқауында "Аквариумшы" үйірме мүшесі Майданова Ариана 1 орын алды.

15

2016 жылғы қазан айында Астана қаласында өткен Республикалық «Фламинго-2016» байқауының жеңімпаздары: «Суреттер» номинациясы бойынша Рахметов Нұржол 2 орын, «Қолданбалы өнер» номинациясы бойынша Бақтыгереев Ербол 3 орын және Амангельдиева Альбина 2 орын иеленді.

16

2016 жылдың 28 ақпан  - 10 наурыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысында шаңғымен бағдарлаудан өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында жекелеген сында Иргусава Наргиза, Умбетьяров Мадениет, Кенгесбаев Естай жүлделі 1,2,3 орындарды иеленді.

17

2016 жылдың 20 - 31 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысында өткен спорттық бағдарлаудан Қазақстан Республикасының Чемпионатында Махамбетұлы Мустафа 3 орын иеленді.

18

2016 жылғы 14-16 қазанда Алматы қаласында өткен спорттық бағдарлаудан Қазақстан Республикасының кубогінде облыс атынан қатысқан оқушылар Нсанова Наргиза, Елубаев Еділбек, Ислямова Мергуль, Махамбетұлы Мұстафа жүлделі 1,2,3 орындарды иеленді.

19

2016 жылғы 2-13 қаңтар аралығында Алматы қаласында өткен  спорттық туризм бойынша жасанды рельефтегі тау туризмі бойынша ҚР Кубогында Батыс Қазақстан облысының «Батыс-West 4» құрама командасы абсолюттік чемпион атанды.

20

2016 жылғы 21-24 наурызда Астана қаласында өткен туристік көпсайыстан ҚР Чемпионатында БҚО-ның командасы  «Балалар» тобы 1 орынды иеленді.

21

2016 жылдың 31қазан -2 қараша аралығында «Евразия» туристік- сауықтыру кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық «Жайық – Урал 2016» слеті өтті.

Командалар «Жайық-Урал-2016» туристік-экологиялық экспедициясының қорытынды іздестіру-зерттеу жұмысы», «Орал өңірінің кіші өзендері» экологиялық-өлкетану экспедициясы», «Экологиялық акциялардың қорытындысы бойынша баяндама», Ең үздік аудандық (қалалық) балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығын абаттандыру», «І категориялы қиындықтағы Жайық – Урал маршруты бойынша қорытынды есептер» байқауларына қатысты.

22

«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының 2016 жылдың 25 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Алматы қаласында өткен «Оқушылардың республикалық астрономиялық турнирінде республика бойынша 27 команда қатысқан командалық жарыста 1 орынға ие болып, команда мүшелері І дәрежелі дипломдармен марапатталды.

23

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының  2016 жылдың 9-12 қыркүйек күндері Ақтөбе қаласында өткен Республикалық техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру, робот техникасының қолданыстағы модельдері) жарысында Батыс Қазақстан командасының оқушылары:

24

1. Нұхқали Аят – Орал қаласы, №1 жалпы орта білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы авто модельдер жарысында РЦБ класы бойынша – 2 орын, «Багги-10Э» класы бойынша – 3 орын;

2. Шарипов Архат – Орал қаласы, М.Мәметова атындағы №27 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы кеме модельдер жарысында «Ф-2-Ю» класынан – 2 орын, «FSR-ECO-STANDART» класынан – 2 орын;

3. Хамзин Қуаныш  – Орал қаласы,  №44 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы кеме модельдер жарысында «FSR-ECO-MINISTANDART» класынан – 2 орын;

4. Рамазанов Матвей – Орал қаласы, №31 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы әуе модельдер жарысында «Планер F3J» класы бойынша – 2 орындарға ие болып барлығы 5 күміс, 1 қола медаль иеленді, БҚО командасы «Серпінділер командасы» номинациясын жеңіп алды.

25

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне арнап оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығының инновациялық дамуын ынталандыру, жобалық, зерттеушілік, конструкторлық және өнертапқыштық іс-әрекетінде құзыреттілік деңгейін көтеру, оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту; шығармашылық мүмкіндігі, мотивациясы бар дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында 27-28 қазан күндері «Мектеп табалдырығынан ғылымға»  атты облыстық көрме-байқауы өткізілді.

 

Негізгі меню

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Кешенді бағдарлама

1