ӨЛКЕТАНУ
Батыс Қазақстан облысы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысының 2017 жылғы 26 сәуірдегі 1.3 т. хаттамалық тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 5-7 сыныптарға арналған жалпы көлемі 20 сағаттан тұратын «Өлкетану» курсы оқу бағдарламасын әзірледі.

Аталған курс 2018-2019 оқу жылынан бастап «География», «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихы» және «Музыка» пәндерінің аясында оқытылатын болады.

Батыс Қазақстан облысы өзінің «Өлкетану» оқулығын дайындады. Сондықтан аталған оқулық бойынша өз пікірлеріңізді қалдыруды сұраймыз.


Басқарма тарихы

Облыстық халықтық білім бөлімі 1919 жылғы 3 ақпанда құрылған. Паэгле Фриц Петрович оның меңгерушісі болып тағайындалған. Чукчо Несер Иванович мектеп бөлімшесінің бірінші меңгерушісі болған. ІІ сатылы сектордың меңгерушісі - Утехин Петр Николаевич. Мектеп бөлімінің меңгерушісі - Тухватулин Мухамед Мутеғұллаұлы.

Орал облыстық ревкомы 1919 жылғы 10 ақпанда Орал облыстық халықтық бөлімін ашу туралы Қаулы қабылдаған. Тиісінше уез бөлімдері құрыла бастаған: Лбищен /1919 ж. наурыз/, Калмыков /1919 ж. желтоқсан/, Жампиты және Уил /1920 ж/.Облыс бойынша 1919-1920 жылдарын бірінші оқу жылы деп атауға болады. 1920 жылғы 1 қаңтардан бастап Орал уез халықтық білім бөлімі өз жұмысын бастаған.

Орал халықтық білім бөлімінде төмендегідей бөлімшелер болған:
1. Жалпы бөлімшесі;
2. Мектеп бөлімшесі;
3. Мектептен тыс бөлімшесі;
4. Әлеуметтік тәрбие бөлімшесі;
5. Қырғыз-татар бөлімшесі;
6. Қаржы  бөлімшесі;
7. Жабдықтау бөлімшесі

1923 жылғы 15 қазаннан бастап Орал халықтық білім бөлімі Губерниялық халықтық білім бөліміне қосылған. Губерниялық халықтық білім бөлімі жергілікті атқарушы комитетінің бөлімі және жергілікті халықтық ағарту комиссариатының органы болған. Аталған бөлім губерния бойынша халықтық ағарту ісін жан-жақты дамытуға қажет іс-шараларды жүзеге асырған.

1933 жылдарды облысымызда кәсіптік техникалық мектептер ашыла бастаған. 1932 жылы ҚСРО Наркомсовхозының бұйрығымен "Камен" совхозында малшыларды даярлайтын "Совхозуч" мектебі ашылған. 1937 жылы аталған мектеп Камен механизациялау мектебі болып қайта құрылған. Кейін №32 , №9 Жәнібек, №121 Орал орта кәсіптік техникалық училищелері құрылған.

 

Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі