1.
|
Махамбеттің «Қара нарға» артқан жүгіне қазіргі уақытта сіз өз тарапыңыздан қандай міндеттерді жүктер едіңіз?
|
2.
|
Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанында Еспенбеттің нағашысынан қалауы Ақбөрте болуының себебін дәлелдеп жазыңыз.
|
3.
|
Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
|
4.
|
«Сүйінбай мен Қатаған айтысында» Сүйінбайдың:
...Іздегенім осы еді,
Өз-өзінен қағынып,
Қатаған сөзден жаңылды.
Қызып тұрған темірге
Өзі келіп қарылды,- деуі айтыстың тағдырын шешкен сөз болғандығын дәлелдеп жазыңыз.
|
5.
|
Қашаған Күржіманұлының «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңіндегі байлықтар таласын өз көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз.
|
6.
|
Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңдеріндегі байлар мен қазіргі меценаттар бейнесін салыстырыңыз.
|
7.
|
Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.
|
8.
|
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз.
|
9.
|
Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз.
|
10.
|
Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
|
11.
|
Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз.
|
12.
|
Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келеді?
|
13.
|
Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы ғашықтар тағдырын автордың қайғымен аяқтау себебін талдап жазыңыз.
|
14.
|
Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын талдап жазыңыз.
|
15.
|
ХІХ ғ. ІІ жартысында өмір сүрген сал-серілер мен бүгінгі таңдағы әншілердің арасында байланыс бар ма?
|
16.
|
Сал-серілердің жеке тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелер ме, әлде ғашықтық па?
|
17.
|
Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы күрестің айбынды ұранына айналған «Ақ сиса» өлеңі – Шорман тұқымына бағытталған тоқтау сөз. Пікіріңізді дәйектерге сүйеніп, дәлелдеп жазыңыз.
|
18.
|
Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз.
|
19.
|
Үкілі Ыбырай өлеңінің «Қалдырған» аталуына себепкер болған ойларды талдап жазыңыз.
|
20.
|
Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз.
|
21.
|
Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірін болжай отырып, талдап жазыңыз.
|
22.
|
Біржан салдың «Теміртас» өлеңінің туу себебін ақынның өмірлік деректері арқылы талдап жазыңыз.
|
23.
|
Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі тұлпары Құлагердің ақын өміріндегі орнын талдап жазыңыз.
|
24.
|
Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз.
|
25.
|
М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма?
|
26.
|
М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңінде толқын біресе бала болса, біресе ғашықтарға айналады, ең соңында өледі. Ақынның өлең жолдарында қандай қозғалыс, қандай әрекет жатыр?
|
27.
|
М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастаны аңызға, тарихи белгілі оқиғаларға құрылғандығын талдап жазыңыз.
|
28.
|
Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының өсу жолының ұлы намыс жолы екендігін дәлелдеп жазыңыз.
|
29.
|
С.Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңіндегі достықта кездесетін сатқындыққа сенерлік дос таңдай білмеген адам кінәлі ме, әлде адал досқа сатқындық жасаған адам кінәлі ме?
|
30.
|
І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па?
|
31.
|
І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асынан мысал ретінде дәлелдер ала отырып, ас беру дәстүрі туралы талдап жазыңыз.
|
32.
|
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асын Абайға жүктеу себебін талдап жазыңыз.
|
33.
|
М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасын Абыз сөзімен бастап, Абыз сөзімен аяқтауында қандай сыр жатыр?
|
34.
|
М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер-адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
|
35.
|
С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?
|
36.
|
С.Мәуленов неге «Түбірлер» өлеңіне дәл осы атты қойды?
|
37.
|
Т.Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін» атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
|
38.
|
Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор (Ә.Нұршайықов) сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап жазыңыз.
|
39.
|
М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз.
|
40.
|
М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
|
41.
|
М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз.
|
42.
|
С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән тудыруының себептерін талдап жазыңыз.
|
43.
|
Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі жұмбақтарға шешіміңізді ұсынып, көзқарасыңызды дәлелдеп жазыңыз.
|
44.
|
Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романының кейіпкері Демежан авторға не үшін қажет?
|
45.
|
ХХ ғасырдағы әдеби туындылардан Алаш идеясын тауып, дәлелдеңіз.
|
46.
|
ЭКСПО көрмесі – тұрақты дамудың биік үлгісі. Өз ойыңызды дәйектеңіз.
|
47.
|
Бүгінгі Атымтайлар мен Ы. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі кешегі Атымтайдың ұқсастықтарын дәлелдеңіз.
|
48.
|
Бүгінгі күн жігіттерінің бойында Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын - арзан, күлкі - қымбат» өлеңінде сипатталған мінез-құлықтар қаншалықты кездесетінін дәлелдеңіз.
|
49.
|
XX ғасырдың басындағы қазақ халқы мен XXI ғасыр қазағының болмысын Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңін негізге ала отырып салыстыр.
|
50.
|
Өзіңіз білетін Ұлы Отан соғысы жауынгерінің ерлік істерінің Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне сәйкестігін дәлелдеп жазыңыз.
|
51.
|
Ж. Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасы 1963-1964 жылы жазылған. Ал поэма қазіргі таңда жазылар болса, ақын нені жырлар еді деп ойлайсыз?
|
52.
|
Саяхатшылар өзі келген елдің салт-дәстүрін сақтауға міндетті ме?
|
53.
|
Ғылыми-технологиялық прогресс адамдарға әсер етеді деп ойлайсыз ба?
|
54.
|
Киноөндіріс жастарға өз әсерін тигізеді деп ойлайсыз ба?
|
55.
|
Махамбет өлеңдеріндегі(«Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс»,«Еңселігім екі елі») ақын көңіл күйін танытатын жолдарды талдап жазыңыз.
|
56.
|
Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
|
57.
|
«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеулердің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
|
58.
|
Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңдеріндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз.
|
59.
|
Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипаты мен сал-серілер өлеңдеріндегі қыз бейнесін салыстыра талдап жазыңыз.
|
60.
|
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз.
|
61.
|
«...дәулетті өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын» деген Ы. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі Атымтай сөзі қорқуға тұрарлық па?
|
62.
|
Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» «қандай» мен «қалайға» жауап беріп, өз көзқарасыңызды талдап жазыңыз.
|
63.
|
Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасында Аристотель сөзі арқылы берілген негізгі ойға қатысты сыни көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
|
64.
|
Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы кейіпкер Ескендір мен тарихи тұлға Ескендірді салыстыра талдап жазыңыз.
|
65.
|
Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жастарға» өлеңінде Абайды үлгі етудің себебін талдап жазыңыз.
|
66.
|
Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз.
|
67.
|
Сал-серілердің (әнші-ақындар) көтерген мәселесін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз.
|
68.
|
Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз.
|
69.
|
Сал-серілердің тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелерді талдап жазыңыз.
|
70.
|
Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы жазылған «Ақ сиса» өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңыз.
|
71.
|
Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімі қалай жеткізілген?
|
72.
|
Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз.
|
73.
|
Балуан Шолақ «Ғалия» өлеңінде ғашықтық сезімін қалай жеткізген?
|
74.
|
Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз.
|
75.
|
Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көріністерін талдап жазыңыз.
|
76.
|
Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз.
|
77.
|
Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырлардағы жігіттердің сүйгені үшін күресін талдап жазыңыз.
|
78.
|
Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психологиясын талдап жазыңыз.
|
79.
|
М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерінің мақсатын қаншалықты сенімді суреттей алды?
|
80.
|
М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
|
81.
|
М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы
бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.
|
82.
|
Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ашудағы автор тәсілін талдап жазыңыз.
|
83.
|
Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз.
|
84.
|
С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз.
|
85.
|
І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдап жазыңыз.
|
86.
|
І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз.
|
87.
|
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайдың Бөжей асындағы азаматтығы елге танылу ма, елді таныту ма, жоқ әлде есейгендік пе?
|
88.
|
М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай?
|
89.
|
М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасында Кебектің: «Бағың ашылатын күн болар ма, әлде сорға туған сорлымысың, бейшара?!» деуі шарасыздық па, әлде әлсіздік пе? Өз көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз.
|
90.
|
С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы Сұлушаштың «Сүйіктің еркін басын ноқтаға ілді» сөзіне өз көзқарасыңызды танытып, талдап жазыңыз.
|
91.
|
Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасында ұлттық құндылықтардың қаншалықты көрініс тапқанын дәлелдеп жазыңыз.
|
92.
|
С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз.
|
93.
|
Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы өмір үшін күрестегі кейіпкер психологиясын талдап жазыңыз.
|
94.
|
Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі ерекше стилі арқылы батыр бейнесін аша алды ма?
|
95.
|
М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы «Дариға-жүрек шөлдеді» қайталауының туындыға қосқан үлесін талдап жазыңыз.
|
96.
|
М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіне Естай мен Қорлан оқиғасын кірістіруіндегі мақсатын талдап жазыңыз.
|
97.
|
С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі табиғат күшіне адамдар қарсы тұра алды ма?
|
98.
|
Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманына ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
|
99.
|
Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз де пендеміз ғой... Бір-бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» - деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?
|
100.
|
Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
|
101.
|
Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
|
102.
|
Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз.
|
103.
|
Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын - арзан, күлкі - қымбат» өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.
|
104.
|
Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз.
|
105.
|
Өз өміріңіздегі әжелерді М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.
|