Облыстық «Үздік педагог-психолог» байқауы туралы ақпарат

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының 2012 жылғы 12 қыркүйіктегі № 634 бұйрығының негізіндеБатыс Қазақстан облысыбілім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетініңұйымдастыруымен Орал қаласының №1 ЖОББМ базасында 15-18 қазан айының аралығында облыстық білім беру жүйесіндегі педагог-психологтардың арасында «Үздік педагог-психолог»облыстық байқауыоздырылды.Байқауға С.Сейфуллин ат. №11 ДБАМОҚМИК педагог-психологы және 12 аудандық, қалалық кезеңдердің женімпаздары қатысты.

Мақсаты: шығармашыл жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын замануи педагог-психологтарды анықтау, қолдау және мадақтау (ынталандыру); педагог-психологтардың кәсіптік деңгейін көтеру.

Байқау үш кезеңнен тұрды: сырттай, практикалық және шығармашылық кезеңдер. Сырттай кезеңде үміткерлердің портфолиолары мен эссе жұмыстары бағаланды. Практикалық кезеңде қатысушылар тест сұрақтарына жауап беріп, оқушылармен тренинг өткізді. Ал шығармашылық кезеңде «Өзін-өзі таныстыру», «Авторлық бағдарламаның тұсау кесері», «Психологтың ғажайып әлемі» деген тақырыпқа монолог оқу сынақтарынан өтті.

Қазылар алқасының шешімі бойынша төмендегі педагог-психологтар жүлделі орындарды иеленді:

  • Бас жүлде -Дүйсенова Н. К.(Бөкей ордасы ауданның Б.Жаникешев ат.ЖОББМ педагог-психологы);
  • І орын -Котельникова Ю. А. (Орал қаласы №23ЖОББМ);
  • ІІ орын - Джусупкалиева А. У. (Тасқала ауданы К.Сатпаев ат.ЖОББМ);
  • ІІІ орын - Лановая В. В. (Шыңғырлау ауд. Л.Клышев ат.ЖОББМ);
  • «Тәжірибе және шеберлік»номинациясы-Саламатова Б. К.(Ақжайық ауданы, Краснояр ЖОББМ);
  • «Ең үздік авторлық бағдарлама» номинациясы-Жантуреева А. А. (Бөрлі ауданыКиров ЖОББМ).

Байқау женімпаздары Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан