«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық білім беру ұйымдарындағы облыстық ата-аналар конференциясы

2017 жылдың 17 ақпан күні Орал қаласы №44 мектеп гимназиясы базасында «Ата-ана қамқорлығы» Халықаралық қозғалысы шеңберінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде отбасылық тәрбиелеу мәселелері бойынша «Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасылық тәрбиенің негізі» тақырыбында облыстық ата-аналар конференциясы оздырылды.

Конференцияны пилоттық білім беру ұйымдары деп танылған Орал қаласының  №44 мектеп гимназиясы, №21 «Росинка» бөбекжайы және Орал гуманитарлық –техникалық колледжі педагогтері ұйымдастырып, аудандық қалалық білім беру ұйымдарының «өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері, педагог-психологтар, ата-аналар, студенттер мен оқушылар және балабақша тәрбиеленушілері шақырылды.

Пленарлық бөлімде «Жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттауда және отбасылық тәрбиені нығайтудағы  «Өзін-өзі тану»  пәнінің  алатын орны», «Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасылық  тәрбиенің  негізі», «Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің  оқу-тәрбие үрдісінде», «Бала – ата-ананың, отбасының  айнасы» тақырыптары бойынша ой бөлісілді.

Практикалық бөлімде ата-аналармен белсенді жұмыс түрлері жүргізілді. №21 «Росинка» бөбекжайы тәрбиешісі бүлдіршіндермен «Сила любви» тақырыбында топтық шығармашылық жұмыс өткізсе, №44 мектеп-гимназиясының сынып жетекшілері «Әкем- өмірімнің өнегесі» атты әкелер мектебінің топтық жұмысын көрсетті.

Конференцияға қатысушылар отбасылық тәрбиенің түрлі белсенді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып іс-тәжірибелерімен бөлісті және көкейтесті сауалдарына жауап алды.

1 2

3 4

5 6

7 8

9 6

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі