«Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Қоса беріліп отырған «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

2.  «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды алсын.

3.  Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М.Л.Тоқжановқа жүктелсін.

 

Облыс әкімі                                                   А. Көлгінов

 

 

 

2017 жылғы «___» __________ №___

Батыс Қазақстан облысы

әкімдігінің қаулысымен

бекітілген

«Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже


1. Жалпы ережелер

1. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім саласындағы басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары болмайды.

3. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, № 72 үй.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы ереже «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Батыс Қазақстан облысы аумағында мектепке дейiнгі, орта жалпы, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсiптік бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк басқару қызметін іске асыру және балалардың құқығын қорғау болып табылады.

15. Міндеттері:

1) білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

2) азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында кепілді ақысыз орта білім алуын қамтамасыз ету;

3) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту және кәсіптік бағдарлауға бағытталған білім беруге қажетті жағдай жасау;

4) қоғамның өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне және жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес облыстың білім беру жүйесін дамыту және әлеуметтік қорғау;

5) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандардың аймақтық есебін жүргізуді ұйымдастыру;

6) білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын дамыту, қаржылай қамтамасыз етілуін жақсарту;

7) білім беруде, соның ішінде білім беру мекемелерін басқаруда инновациялық процестерді кеңейту;

8) білім беру органдарының өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, жұртшылықпен, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлескен қызмет аясын кеңейту;

9) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу;

10) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, отбасы мен балаларды қолдауға арналған мемлекеттік, жергілікті бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

11) «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамаларымен, облыс әкімінің және әкімдігінің актілерімен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

16. Функциялары:

1) аймақтық бағдарламаларды және білім беруді дамытудың жоспарларын әзірлейді;

2) білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүргізеді, облыс аумағындағы барлық мемлекеттік білім беру мекемелерінің қызметін үйлестіреді;

3) білім беру процесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды талдайды, қорытады және енгізеді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен педагогикалық кадрларды аттестаттауды өткізеді;

5) облыстың білім беру жүйесінің жай-күйіне сараптамалық талдау жасайды, оның даму үрдістерін айқындайды;

6) оқыту технологиясы саласында инновациялық саясатты жүргізеді;

7) балаларды әлеуметтік қорғау және құқығын қорғау жөніндегі қызметтер мен ұйымдардың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, дене және ақыл-есі дамуында кемшіліктер бар және басқа да мемлекеттің көмегіне мұқтаж балаларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және әлеуметтік бейімдеу үшін жағдайлар жасайды;

8) білім беру жүйесінің негізгі қорларын сақтау, дамыту және жетілдіру бойынша шараларды жүзеге асырады, білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту, жаңа объектілерді жобалау және салу жөнінде ұсыныстар әзірлеп, облыс әкімі аппаратына ұсынады, білім беру мекемелері мен ұйымдарына күрделі жөндеу жасауды жоспарлайды;

9) білім берудің мемлекеттік емес секторының, мемлекеттік білім беру ұйымдарының жаңа үлгілерінің дамуына ықпал етеді;

10) баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз ету, оны тәнін және (немесе) жанын жәбірлеуден, адамдық қадір-қасиетін қатыгездікпен, дөрекілікпен қорлаудан, кемсітуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық іс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерін қорғауды жүзеге асырады;

11) кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның жұмысын ұйымдастырады;

12) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзіне жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтер сұратуға және алуға;

2) өзінің құзыреті шегінде шешімдер қабылдауға;

3) өзінің құзыреті шегінде ұйымдар құру, қайта құру және тарату жөнінде ұсыныстар беруге;

4) «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстың білім беру мекемелері мен ұйымдарында тексеру жүргізуге;

5) «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша конференциялар, семинарлар, көрмелер, кеңестер өткізуге; білім беру бағдарламаларын, соның ішінде халықаралық бағдарламаларды әзірлеуге қатысуға, жақын және алыс шет елдердің білім беру органдарымен және мекемелерімен тікелей байланыстар орнатуға және ынтымақтастық туралы келісімдер жасауға;

6) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына жұмысшылар мен мамандар даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысын конкурстық негізде орналастыруға құқығы бар;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

 

3. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

18. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

2) «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысы орынбасарларының және бөлімдері басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

4) «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

6) «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;

9) гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

10) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;

11) «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

 

4. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

24. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Негізгі меню

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Кешенді бағдарлама

1