2016-2017 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңінің қорытындысы туралы мәлімет

2017 жылдың 5-6 қаңтар күндері Қазақстан инновациялық- телекоммуникациялық жүйелер университетінің базасында оқушылардың Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.

Облыстық кезеңге жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің 9-11 сыныптарынан 356 оқушы қатысты. Бұл аудан, қала және облыстық мектептердің 17 командасы.

Облыстық олимпиаданың қазылар алқасы құрамында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінің, Батыс Қазақстан инновациялық-телекоммуникациялық университетінің ғалымдары, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының  филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша  педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» және облыстық тілдерді дамыту басқармасының өкілдері жұмыс жасады.

Екі күнге созылған (теориялық және практикалық) олимпиаданың қорытындысы бойынша 356 оқушының 201-і жеңімпаз және  жүлдегер атанып, облыстық білім басқармасының дипломдары табыс етілді.

Үздік нәтиже көрсеткен облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп лицейі, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы облыстық №11 мектеп-лицей интернат кешені, Орал қаласы, Бөрлі және Сырым аудандары командаларын атауға болады.

Республикалық олимпиаданың іріктеу турына 70 оқушы ұсынылды.

1 2

3 4

5 6

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі