Облыстық «Қадыр оқулары» байқауының қорытындысы

2016 жылдың 23 желтоқсан күні Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері арасында облыстық «Қадыр оқулары» байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: тәрбиешілердің шығармашылық әлеуетін ашу, талантты педагог-тәрбиешілерді анықтау, оларды қолдау және көтермелеу.

Байқауға аудандық (қалалық) мектепке дейінгі ұйымдарының 14 тәрбиешілері қатысты.

Байқау 4 кезеңнен тұрды: «Мен тәрбиешімін...», «Шығармашылық шеберлік қоржыны», «Зияткерлік сайысы», «Ән көңілдің ажары». Тәрбиешілер Қадыр Мырза Әлі шығармаларынан балаларға арналған өлеңдерін жатқа оқып, ақынның сөзіне жазылған әндерді орындап, ақын шығармаларынан құралған сұрақтарға жауап берді.

Әділқазылар алқасының қорытындысы бойынша бірінші орынды Бөкейордасы ауданы «Ертөстік» бөбекжайының тәрбиешісі А.С.Мусина, екінші орынды Бөрлі ауданы №4 «Айгөлек» бөбекжайының тәрбиешісі А.С.Боранова, үшінші орынды Сырым ауданы «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Р.У.Жанклишева мен Орал қаласының №35 «Шұғыла» бөбекжайының тәрбиешісі А.Төлепова иеленді.

«Қадыртанушы» аталымы бойынша Орал қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі А.Т.Сейфуллиева, «Үздік орындаушы» аталымы бойынша Жаңақала ауданы Карманов «мектеп-балабақша» кешенінің тәрбиешісі А.С.Ихсангалиева, «Күміс көмей тәрбиеші» аталымы бойынша Жәнібек ауданы «Алтын ұя» бөбекжайы тәрбиешісі Г.Т.Абдулова марапатталды.

Байқау жеңімпаздары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің диплом және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

1 2

3 4

5 6

7 8

9 10

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі