«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен 2016 жылғы 7 қазан күні «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 7-9 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға облыс және аудан (қала) мектептерінен барлығы 49 оқушы қатысты.

Олимпиаданың мақсаты: «Өзін-өзі тану» пәні бойынша олимпиада құндылық бағдарларды қалыптастыру арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі көрсетуге ұмтылысын марапаттау, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және  өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау.

Олимпиада екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең –аймақтық олимпиада. Екінші кезең- республикалық олимпиада.

Әр кезең бір турдан тұрды. Бірінші тур-эссе жазу. Тапсырманы орындауға 2 (екі) астрономиялық сағат берілді.

Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өткізілді.

Аймақтық олимпиаданың I кезеңінің қазылар шешімі негізінде жеңімпаздар анықталды:

Бас жүлде жеңімпаздары:
1. Дюсембиева Сауле
– Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы;
2. Бақтиярова Айшат – Орал №46 ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы;
3. Есенгелді Айым – Қаратөбе ауданы Қаратөбе мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы.

I орын:
1. Әділғали Назерке
– Ақжайық ауданы Жаңажол НОББМ-нің 7-сынып оқушысы;
2. Амангалиева Аңсағаным – Қаратөбе ауданы Қаратөбе мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы;
3. Нұржігітқызы Дана - Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат-кешенінің 9-сынып оқушысы.

II орын:
1. Жаксылыкова Жасмин
– Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы;
2. Асантаева Жадыра – Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
3. Жаскайратова Дильназ – Бөкей ордасы М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы.

III орын:
1. Погудина Екатерина
– Орал қаласы №13 ЖОББМ-нің 7-сынып оқушысы;
2. Иванова Екатерина - Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектептің 9-сынып оқушысы;
3. Ережепова Дильназ – Зеленов ауданы Асан ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы.

Республикалық олимпиадаға 4 оқушыдан құралған команда мүшелері «Бөбек» ҰҒПББСО-на барады.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі