«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ағылшын тілі пәнін оқытудың сапасын арттыру жолдары» атты облыстық семинар-практикумы

2016 жылдың 3-5 қазан аралығында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ағылшын тілі пәнін оқытудың сапасын арттыру жолдары» атты облыстық семинар-практикумы ұйымдастырылды.

Семинар ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдау және жаңашыл мұғалімдердің озық іс-тәжірибесімен таныстыру, тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді. Аталмыш шараға  ағылшын тілін оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру, өзара тәжірибе алмасу, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімдердің функционалдық құзіреттілігін дамыту, өз сабақтарында оқытудың озық технологияларын пайдалану бағытында әдістемелік шеберхана, шеберлік сыныптар, коучингтер оздырылды.

Семинардың  екінші күні Inter Press Distribution компаниясының қолдауымен қала және аудан мұғалімдеріне әдебиеттер таратылып, сертификаттар табысталды. Промо бөлімінің жетекшісі А.Байбатырова  және Оксфорд баспасының тренері Мартин Кертис мұғалімдермен бірге өз тәжірибесімен бөлісіп, қызықты ойындар және ағылшын тілі сабағында қолдануға болатын тиімді әдіс –тәсілдерді  көрсетті. Семинар-практикумның үшінші күні қатысушылар дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, «Білім беру мазмұнын жаңарту-инновациялық үрдістің негізіндегі білім беру сапасының артуының кепілі» атты шеберлік жұмыстар жүргізілді. Семинарға 100 мұғалім  қатысып, ұсыныстар қабылданды.

1 2

3

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі