Облыстық «Мектеп жанындағы интернаттың үздік тәрбиешісі» сырттай байқауы |
Интернат тәрбиешілерінің инновациялық идеялары мен озық тәжірибелерін айқындау, тарату, беделін арттыру мақсатында 2016 жылдың 26 қыркүйегінде облыстық «Мектеп жанындағы интернаттың үздік тәрбиешісі» атты сырттай байқауы өткізілді. Байқауға 9 ауданнан, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені жанындағы интернаттың тәрбиешілері қатысты. Облыстық байқаудың жеңімпаздары болып төмендегі тәрбиешілер танылды: ІІ орын – Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің тәрбиешісі А.Т.Кункашева; ІІІ орын – Ақжайық ауданы Абай атындағы мектеп гимназиясы жанындағы интернат тәрбиешісі А.С.Макашева; ІІІ орын – Казталов ауданы Қарасу орта жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат тәрбиешісі М.Н.Касимова; Номинациялар «Нәтижеге бағытталған» - Бөрлі ауданы Жарсуат жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы интернат тәрбиешісі Г.В.Бикеева. Байқау жеңімпаздары дипломдар және сыйлықтармен марапатталды. |