Батыс Қазақстан облысының білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі бойынша ақпарат

Облыстың білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің пленарлық отырысы 2016 жылдың 20 тамызында өткізілді. 2016 жылғы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің тақырыбы - «БІЛІМДІ ЕЛ – МӘҢГІ ЕЛ».

Кеңес жұмысына облыс әкімі А.С.Көлгінов, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Э.А.Суханбердиева, облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, облыс маслихатының хатшысы, облыстық білім беру ұйымдарының басшылары, ЖОО-ның ректорлары, облыс маслихатының депутаттары, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің төрағасы, қала және аудан әкімдері мен олардың орынбасарлары, білім беру бөлімдерінің басшылары, мектеп басшылары, мұғалімдер, педагогикалық еңбек ардагерлері, жас мамандар, ата-аналар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Барлығы – 600 адам.

Ағымдағы жылдың 3-10 тамыз аралығында білім беру ұйымдарының базаларында түрлі бағыт бойынша дәстүрлі әдіспен және он-лайн режимінде 14 секция отырысы өткізілді. Секция жұмысына бір мыңнан астам білім қызметкері қатысты.

Секция отырыстарында кадрлық әлеуетті дамыта отырып, басқарудың тұжырымдамалық әдістері, әдістемелік қызметті дамыту мен жаңарту, жеке тұлғаның интеллектуалды дамуына қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру жағдайында білім беру мазмұнын жаңарту, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, үштілді білім беру жағдайында әлеуметтік-мәдени және коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Мектепке дейінгі балалық шақ, техникалық және кәсіптік білім беру, кешенді тәрбиелеу, балалардың құқықтарын қорғау және инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес барысында педагогикалық еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Биылғы жылы облыстың білім беру ұйымдарына келген жас мамандарды жас ұландықтар құттықтады.

Облыстық байқаулардың қорытындылары шығарылды. Марапаттарды облыс әкімі А.С.Көлгінов  табыстады. «Үздік орта білім беру ұйымы» облыстық байқауының жеңімпазы болып Орал қаласының №38 мектеп-лицейі танылды. «Үздік педагог» республикалық байқауының облыстық кезеңінде Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №3 мектепке дейінгі ұйымының педагог-психологы Б.А.Еділбаева, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің география және биология пәндерінің мұғалімі А.Б.Сидарова, Орал ақпараттық технологиялар колледжінің  химиия және биология пәндерінің оқытушысы Ж.Е.Бисалиева жүлделі орындарға ие болды. Облыс әкімі атынан  жеңімпаздарға  сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде білім сапасы мен оқушы тәрбиесінде еңбегі жоғары деп танылған облыс педагогтарына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің наградалары табыс етілді. Наградаларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Э.А.Суханбердиева табыстады. «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгі Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 ЖОББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі Е.Е.Тэнге, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қосымша білім беру педагогы С.В.Петченкоға, Орал қаласының Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Г.У.Таскаринаға, Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің оқу ісі жөніндегі директор орынбасары М.Т.Сисенгалиеваға табысталды. Сонымен қатар «Білім беру ісінің құрметті қызметкері»  төсбелгісі  облыстық білім басқармасының инклюзивті және арнаулы білім беру, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы Н.Н.Лебедеваға, Ақжайық ауданының Абай атындағы мектеп-гимназиясының директоры С.К.Оразоваға, Тасқала ауданының «Сәулет» мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі А.Т.Бисалиеваға, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің география және биология пәндерінің оқытушысы Б.К.Сапиевке табысталды.

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған байқау нәтижелері түрлі номинациялар бойынша қорытындыланды. Бірлескен байқаудың 12 жеңімпазы сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шара «Ұстазым» әнімен аяқталды.

1 2

3 4

5 6

7 8

9 10

11 12

13 14

15 16

17 18

19 20

21 22

23 24

25 26

27 28

29 30

31 32

33 34

35 36

37 38

39 40

41 42

43 44

45 46

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі