Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық тамыз кеңесі

2016 жылдың 10 тамыз күні Орал «Сервис» технологиялық колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық тамыз кеңесінің пленарлық және секциялық отырысы оздырылды.

Педагогикалық тамыз кеңесіне  38 колледждің 204  инженер – педагогі және БҚО кәсіпкерлер палатасының, БҚО прокуратурасының, «Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ БҚО бойынша филиалының, Мемлекеттік қызмет департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының, Облыстық  балалар-жасөспірімдер Туризм орталығының, жастар ресурстық орталығының, Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының, Батыс Қазақстан облыстық  психикалық денсаулық орталығының өкілдері  қатысты.

Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің секция жұмыстары 6 бағыт бойынша өткізілді:

1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының секциясы «Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту жолдары»;

2. Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларының секциясы «Әлеуметтік әріптестік - студенттердің кәсіби дайындық сапасын арттыру шарты ретінде»;

3. Директордың оқу-ісі жұмысы жөніндегі орынбасарларының секциясы «Модульдік технологияның талаптарын ескере отырып техникалық және кәсіптік білімнің мазмұнын жаңарту»;

4. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының секциясы «Білім берудің басым құндылықтары негізінде тұлғаны дамыту және кәсіби  қалыптастыру бойынша колледж жұмысын жүйелеу»;

5. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары әдіскерлерінің секциясы «Білім беру жүйесі педагогикалық қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін дамыту, ғылыми-әдістемелік жұмыстың мазмұны мен формаларын жаңарту»;

6. Кітапханашылар секциясы «Қазіргі заманғы кітапхана: даму үрдістері және қызметін жетілдіру».

Кеңеске қатысушылар өткен оқу жылына талдау жасап, алдағы оқу жылының басты міндеттерін айқындады. Пленарлық отырыста кеңес секцияларының жұмысы туралы облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері баяндады. Мәжіліс соңында басқарма басшысының орынбасары Н.Сабиров «Үздік педагог» пен «Әлеуметтік серіктестіктермен жұмысты жүйелі ұйымдастырған колледж–2016» байқаулары бойынша марапаттау рәсімдерін жүргізіп, педагогикалық тамыз кеңесінің жұмысына  қорытынды жасады.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі