«БІЛІМДІ ЕЛ – МӘҢГІ ЕЛ» тақырыбындағы облыстық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің «Жаңартылған білім беруді жүзеге асыру аясында білім сапасын жетілдірудің жаңа бағыттары» секциялық отырысы туралы

2016 жылдың 3-4 тамыз күндері білім беру үдерісінде білім беру мазмұнын жаңартуға, білім сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған, ғылыми-теориялық және оқу-әдістемелік инновацияларды тәжірибеге енгізу мақсатында Орал қаласы №47 ЖОББМ, Теректі ауданы Шаған ЖОББМ, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернаты, Орал қаласы №48 «Мұрагер» бөбекжайы базаларында облыстық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің секциялық отырыстары өткізілді.

Тамыз кеңесінің секция отырыстарына мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының директорлары, әдіскерлері, тәрбиешілері, аудандық (қалалық) әдістемелік кабинетінің  әдіскерлері, бастауыш сынып мұғалімдері, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика бағытының   пән мұғалімдері, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру, өзін- өзі тану пәндерінің мұғалімдері, білім беру ұйымдарының кітапханашылары  қатысты. Секция отырыстарына барлығы 730 адам  қамтылды.

Тамыз кеңесінің секция отырыстарының пленарлық бөлімінде «2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру бағдарламасының негізінде білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту» баяндамасы тыңдалды.

Секция отырыстарында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете алатын тұлғаның үйлесімділігі мен зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруда білім беру мазмұнын жаңарту;  үштілді білім беру жағдайында білім алушылардың әлеуметтік-мәдени және коммуникативті құзыреттіліктерді қалыптастыру;  жалпы орта мектепте «Робот техникасын» курсын оқыту арқылы оқушылардың инженерлік және дизайндық –ойлау, математикалық моделдеу дағдыларын қалыптастыру;  облысымыздағы білім беру жүйесінде заманауи инновациялық әдістер, заманауи мұғалімінің кәсіби дамуының мазмұны туралы айтылды.

Облыстық тамыз кеңесінде 3-4 тамыз күндері 12 секция жұмыс жасады:
1-секция: «Қазақстан Республикасында білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесі мазмұнын жаңарту»;
2-секция: «Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту: оқытудың жаңа стратегиялары, бағалаудың жаңа жүйесі»;
3-секция: «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында белсенді стратегияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру»;
4-секция: «Көптілді білім беру жағдайындағы заманауи сабақ жобалау мен оқушылардың оқу ынтасын арттыру мәселелері»;
5-секция:«Үштілді білім беру жағдайында әлеуметтік-мәдени және коммуникативті құзыреттіліктерді қалыптастыру»;
6-секция: «Қазақстанның Тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы»;
7-секция: «Химия, биология, география пәндерін оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдер»;
8-секция: «Педагогтердің кәсіби шеберліктерін арттыру арқылы математика және физика пәндерінен білім беру үдерісін ұйымдастыру»;
9-секция: «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»;
10-секция: «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру ұйымы кітапханаларының негізгі аспектілері»;
11-секция: «Өзін-өзі тану» - рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын негізгі пәндерге кіріктіру тәжірибесі»;
12-секция: «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сандық білім беру ресурстарын қолдану»;
13-секция: «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында көркем – эстетикалық пәндерді оқытудың заманауи аспектілері».

Секциялық отырыстары бойынша ұсыныстар қабылданды.

1 2

3 4

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі