ӨЛКЕТАНУ
Батыс Қазақстан облысы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысының 2017 жылғы 26 сәуірдегі 1.3 т. хаттамалық тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 5-7 сыныптарға арналған жалпы көлемі 20 сағаттан тұратын «Өлкетану» курсы оқу бағдарламасын әзірледі.

Аталған курс 2018-2019 оқу жылынан бастап «География», «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихы» және «Музыка» пәндерінің аясында оқытылатын болады.

Батыс Қазақстан облысы өзінің «Өлкетану» оқулығын дайындады. Сондықтан аталған оқулық бойынша өз пікірлеріңізді қалдыруды сұраймыз.


Қазақстан – Ұлы Дала Елі

Құрметті достар!

Бұл бөлімде бірегей цифрлі өнім - «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қосымшасы ұсынылған.

Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстан туралы нағыз энциклопедиясы болып табылады. Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3Д нысандар, панормалар, инфографиктер мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер мен іскерлік топтардың өкілдері үшін таптырмайтын құрал болады.

Келесі сілтеме бойынша өте отырып, Қосымшаны он-лайн режимінде қоса аласыз.

 

Cіз сонымен бірге Қосымшаның толық нұсқасын файл түрінде жүктеп, кейіннен оны өзіңіздің компьютеріңізге орната аласыз.

 

Мобильді құрылғыны қолданушылар үшін App Store және Play Market нұсқалары ашық.

 

Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі