«Алтын белгі» табыстау салтанаты |
2016 жылдың 16 маусымында Орал қаласының Салтанат сарайында Батыс Қазақстан облысының әкімі А.С.Көлгіновтің қатысуымен облыстық мектептердің және Орал қаласының «Алтын белгі» иегерлеріне төс белгілерін тапсыру салтанаты ұйымдастырылды. Сонымен қатар, түлектерге облыс әкімі атынан «Абайдың қара сөздері» кітабы табыс етілді. «Алтын белгі» табыстау салтанатты шараға облыстық, қалалық әкімдік өкілдері, «Өрлеу» Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арнттыру институты, педагогикалық еңбек ардагерлері, ата-аналар, мектеп директорлары және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. |