Денсаулық фестивалі

Мемлекет басшысының  2016 жылғы 15 қаңтардағы №176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының  денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2016 жылғы 6 және 11 маусым аралығында «Денсаулық фестивалі» кеңауқымды акциясына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары белсенді қатысты.

Колледждің оқушыларына салауатты өмір салтын ұстануға, денсаулықтарына немқұрайлы қарамауға, дұрыс тамақтануға шақыратын «Менің денсаулығым», «Дені саудың жаны сау», «Денсаулық-зор байлық», «Бірінші байлық-денсаулық» атты тәрбие сағаттары оздырылды.

Құрманғазы  атындағы  саз колледжінде педагогтар мен қызметкерлер арасында жыл сайынғы дәстүрге айналған спартакиада өткізілді. Спартакиада спорттың бірнеше түрлерінен ұйымдастырылды: тоғызқұмалақ, үстел теннисі, дойбы, волейбол, көңілді жарыстар және пневматикалық мылтықтан ату.

Орал политехникалық, Технологиялық, Орал ақпараттық технологиялар, Жаңақала, Тайпақ  колледждерінде «Денсаулық фестивалі» акциясына жоспар құрылып, шашка, шахмат, арқан  тартыс,  әскери спорттық эстафета, флеш-моб өткізілді. Батыс-Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінде оқушылар және оқытушылар арасында волейбол жарысы, Қаратөбе колледжінде веложорық ұйымдастырылды

Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі «Денсаулық» фестивалін  «Юность» стадионында өткізді. Оқушылардың барлығы 100-500, 1000 м  жүгіру, арқан тарту, шағын футбол, эстафеталық жарыстарға белсенділікпен қатысты.   Әр спорт түрі    бойынша жүлдегерлер анықталып, дипломдармен марапатталды.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі