«Кәсіби жұмысшы мамандарды даярлауда өндірістік оқытудың ролі» тақырыбында облыстық тәжірибе алмасу семинары туралы

Арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің шығармашылықтарын анықтау, іс-тәжірибесін тарату, өндіріс талаптарына сәйкес білікті жұмысшы мамандарды дайындау сапасын арттыру, өндірістік оқыту мазмұнын жетілдіру мақсатында  2016 жылдың 12 сәуірінде Тайпақ колледжі базасында «Кәсіби жұмысшы мамандарды даярлауда өндірістік оқытудың ролі» атты облыстық  тәжірибе алмасу семинары оздырылды.

Семинар жұмысына Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары қатысты.

Семинар үш бөлімнен тұрды: Бірінші бөлімде кәсіпорындарда тағылымдамадан өткен Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Ф.Е.Жұбанова «Ветеринария» мамандығы бойынша «Қараөзен» ЖШС Ветеринарлық – санитарлық сараптама зертханасында тағылымдамадан өткендігі туралы іс- тәжірибесімен бөліссе, Теректі колледжінің өндірістік оқыту шебері  Т.Ш.Рахимғалиев «Жайықгидрология» ЖШС тағылымдамадан өткендігі, ақпараттық бөлімінен алған іс - тәжірибесі туралы әріптестермен ой бөлісті.

Екінші бөлімде арнайы пән оқытушылары сабақтарын презентация, слайд, бейне таспа арқылы көрсетті.

Үшінші  бөлімде Тайпақ колледжінің іс-тәжірибесін тарату мақсатында зертханада практикалық тұрғыда Тайпақ колледжінің өндірістік оқыту шебері Ж.М.Қадырханов «Трактор және автомобильдің генераторларын бөлшектеп бұзып, ақауларын анықтау» тақырыбында, өндірістік оқыту шебері Ж.Т.Ерғалиев «Түтін және ауаны жаңарту арналарды қалау технологиясы» /жар қалыңдығы 11/2 –кірпіш» тақырыбында және А.Г.Әльсейтов  «Көлікті жөндеу шебері» біліктілігі бойынша оқу тобында «Иінді-шатунды механизмнің құрылысы мен жұмысы» тақырыбында  шеберлік кластарын көрсетті.

Семинардың қорытындысы бойынша ой-пікірлері ортаға салынып, ұсыныстар берілді.

МДЖОТжКББҰ  ООӘ кабинеті

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі